Сабақ үлгілері ( әдістемелік құрал ) АҚтау 2021 «Бекітемін»



бет6/19
Дата25.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#97534
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Сұрақ: Бұл үзіндіден кейіпкердің рухани күресінің қалай аяқталғанын байқауға болады?
Оқушылар болжам жауаптарын айтады.
Барлық топқа ортақ сұрақтар:
«Отыз екінші жылдың қолжазбасында» қандай мәселе көтерілген еді?
Неліктен Едігенің кітабы жарыққа шықпады?
Бұл жағдай кейіпкердің өміріне қалай әсер етті?
Кейіпкер болмысын ашуда автор қолданған жанрлық ерекшелікті атаңыз.
Тұжырым:

Романның жанрлық ерекшелігі

Экзистенциалистік сарын. Адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыратын экзистенциалистік мәндегі тақырып «Жалған дүние» романында анық байқалады. Едігенің қоғамына риза болмауы, уақытын тозаққа балап, одан құтылудың жолын іздеуі, тіпті қоғамды тастап, басқа әлемге сапар шегуінен - экзистенциалистік бояуы басым жатсыну тақырыбы айқын көрінеді.



Дескриптор



1

Сұрақтарға жауап береді

1

2

Жанрлық ерекшелігін анықтайды

1

3

Тұжырым жасайды

1



2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Шығарманың композициялық құрылысын анықтаңдар

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жазғандарын оқиды. Тапсырмаға қатысты сұрақ қойылады.
1.Оқиғаларды жүйелеп жазуда қандай ерекшелікті байқадыңдар?
2.Кейіпкердің өткен шаққа оралуы, өткен оқиғаны еске түсіруі көркем әдебиетте қалай аталады?
3.Лирикалық шегініс туралы не білесіңдер?
4.Лирикалық шегініс жанрлық ерекшелікке жата ма?
Лирикалық шегініс- оқиға желісін кенет үзіп, кейіпкердің өзі жайлы немесе оқиғадан тыс жайтты баяндауы.
Тұжырым:
Олай болса, біз екі тапсырманы орындау арқылы шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтадық.



Лирикалық шегініс

Экзистенциалистік сарын

Қалыптастырушы бағалау



1

Басты оқиғаны анықтайды

1

2

Оқиға ішіндегі оқиғаны анықтайды

1

3

Сұрақтарға жауап береді

1

4

Тұжырым жасайды

1














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет