Математика сабақтарында компьютерлік математика жүйелерінің ішіндегі ең қуатты саналатын Maple жүйесін математикалық білім беруді ақпараттандырудағы мүмкіндіктерінің бір тәсілі ретінде қарастыруға болады. Maple – компьютерлік математиканың қуатты, әрі жан-жақты әмбебап жүйесі. Maple –білім мен техниканың, ғылымның әр түрлі салаларындағы математикалық есептерді автоматты түрде шешуге арналған компьютерлік математиканың кең тараған жүйесі. Қазіргі кезде жасалған Maple-дың түрлі нұсқалары математикаға негізделген жан-жақты дамыған жүйелер болып табылады.
Maple программалау жүйесінде функциясының мәнін нольге айналдыратын тәуелсіз айнымалысының мәнін есептеу fsolve операторының көмегімен жылдам орындалады. Бұл жағдайда аталған оператор берілген аймақта функция нолінің интервалын көрсетіп береді.