Оқытудың қазіргі заманауи ақпараттандыру технологиясын математика сабақтарында тиімді қолдана білу сабақ сапасының тиімділігін арттырады.
Математика пәнінің оқытушылары өз сабақтарында компьютерді тиімді қолдануға тырыссуы қажет. Математика пәні – күрделі пәндердің бірі. Оны студент сабақтарда зейін қойып тыңдамаса, қызығушылығы болмаса, жақсы нәтижелерге қол жеткізу оңай емес. Қызығушылық болмаған жерде студенттердің өзіндік ізденісі де төмендейтіні белгілі. Ал, ақпараттық технологиялар – студенттің өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына көмектеседі, басқа қарапайым технологиялық оқу құралдарына қарағанда студенттерге жоғары сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға игі әсерін тигізеді.
Мультимедиалық презентацияны математика сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Мультимедиа мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Математика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, ауызша есептеу тізбегін құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде студенттің білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында топтағы студенттердің қарым-қатынасы жақсарады. Тапсырманы студенттер өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін-өзі бақылау қалыптасады.
Математика сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде: пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру, оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Мультимедиалық презентация практика кезінде студенттерге сабақ беруде бірден-бір көмекші құрал. Математиканы оқыту әдістемесі сабақтарында студенттермен мультимедиалық презентацияның ерекшеліктерін, артықшылықтарын, қолдану кезінде кездескен қиыншылықтарды талқылауға болады. Мультимедиалық презентациялар арқылы сабақ жоспарларын құрастырғанда төмендегі ережелерді сақтау керек:
слайд жасағанда сөздер саны неғұрлым аз болу керек;
өтетін сабақтың тақырыбы нақты және үлкен шрифтпен жазылуы шарт;
слайдқа негізгі анықтамалар, терминдер, сөздер жазылуы керек;
Фон, сызықтар көзге кері әсер етпейтіндей болу керек;
Бір слайдты көруге 2-3 мин. кем уақыт болмау керек, өйткені оқушылар назарын экранға аударып, түсіну керек;
Слайдпен қатар жүріп отыратын дыбыс қатты, студентті шаршататындай болмауы керек.
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Мультимедиалық проекторды «Maple жүйесін аналитикалық геометрия мен алгебра есептерін шешуде қолдану» тақырыбында пайдаланудағы кейбір тиімді жақтарын көрсетейік. Проектор арқылы сабақтың тақырыбын және онң мақсатын көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |