Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана



бет18/42
Дата27.04.2022
өлшемі1,21 Mb.
#32503
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Сабақтың мақсаты: Maple жүйесінде матрицалармен амалдар орындау және Maple жүйесінде параметрлік, айқын, айқын емес және полярлық координаттарында теңдеулерімен берілген қисық сызықтар және сызықтармен шенелген областардың графигін салу.

Сонан кейін тақырыпты мынадай мысалдың көмегімен проектор арқылы көрсетіп отыруға болады.



#1-Мысал. Төмендегі түзулермен шектелген аймақты салу және бояу керек

#y = sin(x)/(1+x^2), x = a, x = b,y=0.

Мысалды шығару жолын ауызша түсіндіріп, Maple жүйесіндегі бағдарламасын мына түрде проектор арқылы көрсетеміз:

f:=x->sin(x)/(1+x^2);

a:=-0.5*Pi;

b:=0.7*Pi;

#Қисықсызықты трапеция

A:=line([a,evalf(f(a))],[a,0],color=blue,thickness=3):

B:=line([b,evalf(f(b))],[b,0],color=blue,thickness=3):

C:= plot(0,x=a..b,color=blue,thickness=3):

plotf:=plot(f(x),x=a..b,scaling=constrained,axes = none,color=blue,thickness=3):

display({plotf,A,B,C},title=`Ізделінді аймақтың шекарасы:`);

g:=x->0:

print(`Ізделінді аймақ:`);

fg_plot(f,g,a,b);
Сонда функцияның Maple жүйесіндегі жазылуы экранға мына түрде шығатынын студентерге айтып, олардың орындағандарын компьютер мониторындағы мәліметтермен салыстыруларына мүмкіндіктері болады.











Ал матрицалармен орындалатын амалдарды орындауға мынадай мысал алайық.Меншікті мән және меншікті векторды есептеу қажет болсын.

Проектор арқылы матрицаны енгізуді мына түрде көрсетеміз:

> with(linalg):



> A:=matrix([[3,2],[2,0]]);

Сонда экранға матрица мына түрде болатынын айтып, өз жұмыстарымен салыстыруға мүмкіндік береміз:


А матрицасының характеристикалық көпмүшесін енгізу түрі:
Al:=charmat(A,lambda);

Сонда шығуы керек нәтижені проектордағы мына нәтижемен салыстыруға болады


Ал характеристикалық көпмүшесін есептеу үшін пайдаланылатын оператор

> det(Al); екендігін түсіндіріп, проектордан көрсетуге болады және экранға шығатыны:



Осылайша әрбір операторды проектордан көрсетіп және нәтижелерін проектордағы нәтижелермен салысытырып отыруға болады.



> charpoly(A, lambda);- характеристикалық көпмүшесіні табудың екінші жолы

A нің меншікті мәндері:



> evals:=solve(%,lambda);

> eigenvals(A); меншікті мәндерді табудың екінші жолы



> nullspace(evals[1]-A);- меншікті векторды табу



> nullspace(evals[2]-A);



Жалпы ақпараттық технологияларды математика сабақтарында тиімді пайдаланудың әртурлі әдістерін қолдануға болады.

Әрбір оқытушы өзінің пәнінен дәріс материалын, тәжірибелік сабағын, бақылау жұмысын, қорытынды тестті компьютерге енгізіп қоюының артықшылықтары бар. Бұл біріншіден, әртүрлі себеппен сабаққа келмей қалған студенттің өтілген материалды компьютерден оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі студенттің пәндерге деген қызығуын туғызады, әрі келесі сабақтарды меңгеруге жетерлік білімдері жинақталады. Үшіншіден, білім деңгейі әртүрлі студенттердің жаңа сабаққа қатысты даярлығы шамаланады. Төртіншіден, студент компьютер арқылы сабақтың жалпы қисынды құрылымын біле отырып модульді тапсырмаларын орындауды алдын ала жоспарлай алады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман оқытушыларынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Еліміздің кепілі, болашақ тірегі білім ошақтарының білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздар ұжымының жүйелі басшылыққа алатын бағыты болып есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет