Адам жасының атаулары 1 жасқа дейін- шақалақ,нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін –сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала-бөпе,ұл бала-бөбек
1 жастан 3 жасқа дейін- бүлдіршін.
3 жастан 5жасқа дейін-балдырған,балауса.
6 жастан 7жасқа дейін- ойын баласы,жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін-ересек бала,жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін- бозбала,бойжеткен.
20 жастан 30жас аралығы-жас жігіт,қыз.
30 бен 40 жас аралығы- дүр жігіт,аға, еркек,кәрі қыз, келіншек
40пен 50 жас аралығы-ер түлегі,отағасы, әке,көке,әйел,ана,тәте
Мүшел жас. 1- мүшел-13 жас(ер жете бастау)
2- мүшел- 25 жас (жігіттік жас)
3- мүшел- 37 жас (ақыл тоқтау)
4- мүшел- 49 жас(орта жас)
5-мүшел-61 жас (орта жас)
6-мүшел-73 жас (қарттық)
7-мүшел- 85 жас (кәрілік)
8-мүшел-97 жас(қалжырау)
9- мүшел-109 жас (шөпшек сүю)
10- мүшел- 121 жас (немене сүю)
Үш санының қасиеттер Үш қуат- 1 Ақыл қуат. 2 Жүрек қуат 3 Тіл қуат
Үш ғайып- 1 Ажал ғайып 2 Қонақ ғайып 3 Несібе ғайып
Үш арсыз- 1 Ұйқы арсыз 2 Тамақ арсыз 4 Күлкі арсыз
Үш даусыз-1 Мінез 2 Кәрәлік 3 Ажал
Үш қадірсіз- 1 Жігіттік 2 Денсаулық 3 Жақсы жар (әйел)
Үш жамандық- 1Нақақ қан төгу 2 Кісі малын нақақ алу. 3Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын- 1Жан тәтті 2 Мал тәтті 3 Жар тәтті.
Үш көз- 1 Су анасы-бұлақ. 2 Жол анасы -тұяқ. 3 Сөз анасы-құлақ
Үш тоқтам- Ақыл-арқан, ой-өріс, адам қазық
Дүниенің төрт бұрышы 1 Шығыс 2 Батыс 3 Оңтүстік 4 Солтүстік
Жеті жұт 1 Құрғақшылық 2 Жұт (мал қырылу) 3 Өрт 4 Оба (ауру) 5 Соғыс 6 Топан су 7 Зілзала (жер сілкіну)
Жеті жоқ 1 Жерде өлшеуіш жоқ. 2 Аспанда тіреуіш жоқ. 3 Таста тамыр жоқ. 4 Тасбақада талақ жоқ. 5 Аллада бауыр жоқ. 6 Аққуда сүт жоқ. 7 Жылқыда өт жоқ.
Жеті шәріп (жеті әулие) 1 Меке шәріп 2 Мәдинә шәріп. 3 Бұхан шәріп. 4 Шам шәріп 5 Қатыш шәріп. 6 Құддыс (мысыр) шәріп. 7 Кәлләм шәріп (құран)