Майларды эмульгирлеу. Өттің, белоктың, сабынның немесе соданың әсерінен май кішкене тамшыларға эмульсия түзе бөлшекетенеді. Май тамшыларының бетінде активті заттардың бөлшектері орналасқандықтан, олар май тамшыларын орап алып, біріне-бірінің қосылуына кедергі жасайды.
Жұмыс барысы: 1 приборкаға 20 тамшы дистелденген су, 2-ші приборкаға 20 тамшы екі рет сұытылған өт, ал 3-ге 20 тамшы 1 жұмыртқа белогын, 4-ге 20 тамшы 1 сабын ерітіндісін. 5-ге 20 тамшы 1 көмір қышқыл натрийдің ерітіндісін құямыз. Әрбір приборкаға 2 тамшыдан өсімдік майын қосып, әбден араластырамыз. Біріншіден басқаларында тұрақты эмульсия түзіледі.
3. Сүттен майды бөлу
Жұмыс барасы: Қолданылатын 6мл сүтке 2мл 10 натрий корбонаты ерітіндісін қосады. Үстіне 5мл эфир құйып, жақсылып араластырады. Эфирді фарфор ыдысқа бөліп құйып алып, су ваннасында, желдеткіш шкафтың ішінде буландырып кептіреміз. Сонда фарфор ыдыстыа сүт майының дағы қалады.
№ 14 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Липидтердің физика-химиялық қасиеті
Мақсаты: Майларға сапалық реакция және сабынданатын липидтер түрлерімен танысу
Тапсырма: 1. Майларға сапалық реакция
2. Майлардың сабындану санын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: 10 осми қышқылының 1 тамшысы, ткань кесінділерін /өсімдіктер немесе жануарлардың/ микроскоп. 50 мл екі колба, 0,5г өсімдік не жануар майы, 0,5 мл су, бюретка, 15мл –ден, 0,5 н калий гидроксидінің спирттегі ерітіндісі, тоңазытқыш, су ваннасы, 15-20 мл су, 3-4 тамшы фенолфталеин, 0,5н тұз қышқылы. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.
Майларға сапалық реакция. Жұмыс барасы: Майдың бір тамшысына 10 осми қышқылының 1 тамшысын тамызамыз. Май қара түске боялады. Енді осми қышқылының орнына бояғыш зат судан ІІІ қолдансақ, май қызыл түске боялады. Бұл реактивтер микрохимиялық анықтауларда да қолданылады. Ткань кесінділерін /өсімдіктер немесе жануарлардың/ осы реактивтерге малып, микроскоппен бақыласақ, такньдегі тамшылары қара не қызыл түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |