Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Майлардың сабындану санын анықтау



бет22/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

Майлардың сабындану санын анықтау. Сабындану саны 1г майдағы байланысқан және байланыспаған май қышқылдарының нейтралдауға кететін калий гидросидінің миллиграммен алынған мөлшерін көрсетеді.

Эксперименталдық түрде сабындану саны мен қышқыл санының айырмасы арқылы эфирлік сан анықталады.
Жұмыс барасы: Сыйымдылығы 50 мл екі колба алып, біреуіне 0,5г өсімдік не жануар майы салынады, ал екіншісіне -0,5 мл су құйылады. Екеуінеде бюретка арқылы 15мл –ден, 0,5 н калий гидроксидінің спирттегі ерітіндісі қосылады. Тоңазытқышпен жалғасқан тығынмен жауып, су ваннасында 30-40 мин қыздырады. Қыздыру барысында әлсін-әлсін араластырып тұрады. Майдың сабындануы кезінде колбадағы сұйықты қатты қайнатуға болмайды, өйткені сұйық көбіктеніп, ол тығынның тесігі арқылы түтікке өтуі мүмкін. Сабындану процесі соңында колбадағы ерітінді біртектес, ешқандай май тамшылары қалмай мөлдір келеді. Бұл процес аяқталған соң әрбір колбаға 15-20 мл су, 3-4 тамшы фенолфталеин қосылып, 0,5н тұз қышқылымен алқызыл түс жойылғанша титрленеді. 1мл 0,5н калий гидроксиді, оның 28 мг сәйкес келетіндігін еске ала отырып, сабындану санын мынадай формуламен есептейді:
/V1 –V2 / x 28 ;
Сабындану саны = а
V1 – контролді /суы бар колба/ титрлеуге кеткен 0,5н HCI ерітіндісінің мл көлемі;
V2 - тәжірибені /май бар колба/ титрлеуге кеткен 0,5н HCIерітіндісінің мл көлемі;
а- майдың г алынған массасы.


№ 15 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Күрделі липидтер
Мақсаты: Бұл реакция арқылы асқын тотықты санын сандық түрде және фофалипидтердтер мен лицитиндерді ми ткані және жұмыртқаның сары уызынан бөліп алу және олардың химиялық құрамын анықтау.
Тапсырма: 1. Өсімдік майындағы асқын тотықты қосылыстарды ашу
2. Фосфатидтер
Қажетті құрал-жабдықтар: 2 тамшы жаңа күнбағыс майы, осындай мөлшерде ескі май, 10 тамшыдан концентрлі сірке қышқылы мен хлороформның қоспасын /2:1/, 5 тамшыдан 2 йодты калийдің ерітіндісі, 2 тамшыдан 0,5 крахмал ерітіндісі, 0,1н гипосульфит ерітіндісі. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет