Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар



бет2/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

3. Адамкевич реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрлі H2SO4 қатысуында глиоксил қышқылын аз мөлшерде қосса, қызыл-күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белок молекуласында триптофан амин қышқылының барлығына және оның сілтілі ортада альдегидтер немесе оксиметилфурфуролмен реакцияға түсіп, түсті өнім беруіне негізделген. Глиоксил қышқылы концентрлі сірке қышқылының құрамында аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан конц. CH3COOH глиоксил қышқылының көзі ретінде пайдаланылады.
Жұмыс барысы: Пробиркадағы 1-2 мл белок ерітіндісіне бірнеше тамшы конц. CH3COOH қосамыз. Екі сұйықтықтың жанасу шегінде қызыл-күлгін сақина пайда болады.
4. Нингидрин реакциясы. Бұл реакция белок молекуласындағы α-амин қышқылдарын ашу үшін пайдаланылады. Белоктар, полипептидтер мен амин қышқылдары нингидринмен қосып қыздырғанда көк немесе сия-көк түсті қосылыс түзеді. Реакцияның мәні мынады α-амин қышқылдары және пептидтер нингидринмен әрекеттескенде, тотығу арқылы дезаминдену мен декарбоксилденуге ұшырайды.
Тотықсыздандырылған нингидрин аммиак және нингидриннің екінші молекуласымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті қосылыс түзеді.
Жұмыс барысы: 2-3 мл сұйытылған белок ерітіндісіне 95% - тік ацетон ерітіндісіндегі 1% - тік нингидрин ерітіндісінің 3-4 тамшысын тамызады. Ерітіндіні араластырып, температурасы 70°С су ваннасында бірнеше минут қыздырады. Сұйықтық көк-күлгін түске боялады.
5. Фоль реакциясы. Бұл реакция арқылы құрамында күкірті бар амин қышқылдары ашылады.
Цистеин мен цистин молекулаларындағы күкірт онша күшті байланыспағандықтан, оны негіз бен күкірт сутек түрінде оңай гидролиздеуге болса, ал ол әрі қарай сілтімен әрекеттесіп, натрий немесе калий сульфидтерін береді. Сульфидтер сірке қышқыл қорғасынмен әрекеттескенде (плюмбитпен) күкіртті қорғасынның қара тұнбасын түзеді.
Жұмыс барысы: 1-2 мл белок ерітіндісіне 1-1,5 мл NaOH қосып қайнағанша қыздырамыз. Содан кейін бірнеші тамшы Pb(CH3COOH)2 ерітіндісін тамызсақ, қара түсті тұнбаа түзіледі.

2 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет