Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Жалпы білім беретін Оян орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қазіргі уақытта сабақ тиімділігін арттыруда жаңа технологиялар кеңінен қолданылады.Бұл технологияларды қолданудың маңызы зор , себебі оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға ,танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Тәжірибе алмасу мақсатында 10-сыныпқа алгебра пәнінен тақырыбында өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспарының үлгісін ұсынып отырмын.
Жоспар, 10-сынып Алгебра және анализ бастамалары оқулық А.Е.Әбілқасымова ,К.Д.Шойынбеков, В.Е.Корчевский,З.А.Жұмағұлова Алматы «Мектеп»2010ж,А.Н.Шыныбеков Алматы «Атамұра»2014ж
Жалпы мақсаттары :
А) Білімділік:Функцияны зерттеу,оның қасиеттерін анықтауда білім мен дағдыларын қалыптастыру, функцияны зерттеуде білімдерін кеңейту, функция графигін салуда туындыны қолдану; ә)Дамытушылық:Алған білімдерін есептер шығаруда, зерттеуде қолдана білу,оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту.
Б)Тәрбиелік:Ттоппен жұмыс жасауға, өз білімдерін тиімді пайдалауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
А) Туындыны пайдаланып функцияны зерттеп, графигін салады.
ә)Туындыны пайдаланып, есептер шығарады;
б)Теориялық білімдерін , практикамен байлаыстырып түсіндіреді, зерттейді