Сергіту сәті «көз жаттығуын» жасату. Жаңа сабақты меңгеру. Тапсырма 3.
Сыныппен талқылау үшін оқушыларға келесі есептерді ұсынылады.
1. Бір пункттен бір мезгілде жолаушы x км/сағ жылдамдықпен және велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен шығады. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 45 км-ге тең болады. Егер мұндай жағдай мүмкін болса, жолаушының жылдамдығын табыңыз.
2. Екі жолаушы бірмезгілде бір пункттен қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, ал екінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса, онда x (бүтін) сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 40 км болуы мүмкін бе?
3. Бірінші құбыр бассейнді 6 сағатта, ал екінші құбыр 4 сағатта толтырады. Егер олар үзіліссіз жұмыс істесе, бассейнді 2 сағатта толтыра алама? Бассейн неше сағатта толады?
Қалай ойлайсыздар, практикалық есептердің шартында айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болады?
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Тапсырма 4.
Айнымалының қандай мәнінде өрнектің мағынасы болмайды:
а) ; б) ; в) ; г) .
Оқушылар тақтадағы дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп қорытындылайды.
№2. Сәйкестендіріңіз:
Штрихталған фигураның ауданын табыңыз:
; 2) ; 3) ; 4)
Жауабы: 2; 1; 4.
№3.Маратта х марка,Саматта у марка, Талғатта zмарка бар. Марат пен Талғат маркаларын қосқанда Саматтың маркасынан 2 есе көп болды. Төменде берілген өрнектің ішінен дұрысын табыңыз.
1) x – y =2z; 2) x + z = 2y; 3) 2x – y = z; 4) 2z – x = y.
Жауабы:x + z = 2y.
Қатар отырған оқушылар дайын жауап арқылы бірін – бірі бағалайды.