Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру.
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
|
Тапсырма 1. Есептеңіз.
Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.
а) -1-(-3) ә) 9-(-5) б) 5-(-3) в) 9,9-9,9
г) -1-(+8) ғ) -6-(-11) д) 3,5-(+7) е) 6-(-4)
Жауабы: а)2; ә)14; б) 8; в)0; г)-9; ғ)5; д)-3,5; е)10. Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Жақшаларды ашу.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
|