Бұл бөлім бастауыш мектепте енгізілген: Жердің табиғаты мен табиғаттағы тірі және өлі үдерістер туралы білімдердің жалғасы болып табылады. Оқушылар «табиғат үдерістері», «таудың түзілуі», «ауа райы» туралы түсініктері қалыптасқан. Оқушылар кейбір табиғат үдерістеріне сипаттама бере алады.
Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін өткен тақырыпты еске салу мақсатында жалпылама сұрақтар қою.
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандардың (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.