Сабақ түрі:аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Стационар орбита үшін қандай шарт орындалады?
Бор теориясы атомдық газдардың сызықтық спектрлерін қалай түсіндіреді?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Франк-Герц тәжірибесі:
К-катод
Т-тор
А-анод
Анодтық токтың катод пен тордың арасындағы кернеуге тәуелділігі: U<4,9 В болғанда, түтікте ешқанадй сәулелену байқалмады.
Ал кернеу U1=4,9 В жеткеннен бастап түтіктегі сынап буы жиілігі 1,2·1015 Гц ультракүлгін жарық шығара бастайды.
U2=9,8 В-қе жеткенде анодтық ток күрт кемиді.
Франк-Герц тәжірибесінде атомдардың дискеретті энергетикалық деңгейлері бар екені тікелей байқалады.
ІV. Пысықтау.
Франк-Герц тәжірибесі нені дәлелдейді?
Франк- Герц тәжірибесінде қандай тәуелділік зерттеледі?
Тәжірибе нәтижелерін қалай түсіндіруге болады?
V. Үйге тапсырма: §7.5. Франк-Герц тәжірибесі.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §7.6. Де Бройль толқындары.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға де Бройль толқындары, де Бройль толқын ұзындығы, де Бройль толқынының классикалық толқыннан қандай айырмашылығы бар екені туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.