4. ** NH4OH әсері. Аммиак ерітіндісінің әсерінен гидроксид түзіледі, бірақ артық мөлшерінде ерімейді.
Pb(NO3)2 + 2 NH4OH → Pb(OH)2↓ + 2 NH4NO3 Pb2+ + 2 OH- → Pb(OH)2↓
Реакцияның орындалуы алдыңғы реакцияға ұқсас.
5. * КІ әсері Калий иодиді Pb(ІІ) ионымен сары түсті тұнба түзеді:
Pb(NO3)2 + 2 KI PbI2↓ + 2 KNO3 Pb2+ + 2 I- PbI2↓
тұнба реагенттің артық мөлшерімен әрекеттесіп, комплексті қосылыс береді:
PbI2 + 2 KI К2 [PbI4]
Қорғасын (ІІ) иодидінің ерігіштігі жоғары (100 г. суда 0,46 г. PbI2 ериді ), сондықтан ол ыстық суда ериді. Ерітіндіні лезде салқындатқанда сары түсті ине тәрізді кристалды тұнба түзіледі («сары жаңбыр» реакциясы). Бұл Pb(ІІ) катионының анықтау реакциясы. Ерітіндінің рН<7 кем болуы тиіс.
Реакцияның орындалуы.Ерітіндінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы КІ ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаны байқау. Осы пробиркаға 8-10 тамшы дистилденген ыстық су қосып, тұнбаның ерігенін байқау. Пробирканы суытып қайта ине тәрізді сары түсті кристалдардың түзілгенін көру.
6. * К2CrO4немесе K2Cr2O7 әсері Калий хроматы немесе дихроматы қорғасын (ІІ) ионымен сары түсті тұнба түзеді:
Pb(NO3)2 + К2CrO4 PbCrO4 ↓ + 2 KNO3 Pb2+ + CrO42- PbCrO4 ↓
немесе
2 Pb(NO3)2 + К2Cr2O7 + H2O 2 PbCrO4 ↓ + 2 HNO3 + 2 KNO3 Pb2+ + CrO72- + H2O 2 PbCrO4 ↓ +2 H+ Қорғасын (ІІ) хроматы сілтіде жақсы ериді.
PbCrO4↓ + 4 NaOH → Na2PbO2 + Na2CrO4 + 2 H2O
PbCrO4↓ + 4 OH- → PbO22- + CrO42- + 2 H2O
немесе
PbCrO4↓ + 4 OH- →[Pb(OН)4 ]2- + CrO42- PbCrO4 сұйытылған азот, сірке қышқылдарында, аммиакта, аммоний ацетатында ерімейді. Бұл реакция Pb2+ ионының анықталу реакциясы. Ерітіндінің pH<7 болуы керек, Ba2+, Hg2+, Bi3+ т.б. катиондары кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы.Ерітіндінің 2-3 тамшысына сонша калий хроматы не калий дихроматы ерітінділерін қосып, түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттеу.