Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет15/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

7. ** Na2HPO4 әсері
Қорғасын (ІІ) ионы фосфат ионымен ақ түсті тұнба түзеді:
3 Pb(NO3)2 + 4 Na2HPO4 → Pb3(PO4) ↓ + 2 NaH2PO4 + 6 NaNO3
3 Pb2+ + 4 HPO42- → Pb3(PO4)2 ↓ + 2 H2PO4-
Қорғасын (ІІ) фосфаты басқа екі валентті металл фосфаттарына қарағанда сірке және сұйытылған азот қышқылдарында нашар ериді, ал сілтілерде жақсы ериді.


Реакцияның орындалуы.
Қорғасын (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша мөлшерде натрий гидрофосфатын қосып, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу.



  1. ІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдау

І. Алғашқы байқау.
Есептің сыртқы түрін байқау. (түсі, рН, күйі, ерітіндіде тұнбаның болуы т.б.)
ІІ. Бөлшектеп аналидеу.
а). Hg22+ - иондарын болжау.
ІІІ. Жуйелік анализді орындау.
1) ІІ аналитикалық топ катиондарын хлоридтер күйінде тұнбаға түсіру.
Зерттелетін ерітіндінің 8-10 тамшысына 2 н. тұз қышқылы ерітіндісін тамшылап қосу қажет. Реакция нәтижесінде ақ тұнба түзіледі. Пробирканы центрифугалап тұнбаны ерітіндіден бөліп, ерітіндіге тағы 1 тамшы 2 н. HCl қосып катиондардың толық тұнбаға түскенін тексеру. Ерітінді лайланбаса Ag2+, Pb2+, Hg22+ катиондары толық тұнбаға түскені. Түзілген тұнбаны ерітіндіден бөліп тұнбаны құрамында HCl ерітіндісі бар дистилденген сумен жуу қажет. Сонымен:
І- тұнба 1- ерітінді
AgCl, PbCl2, Hg2Cl2 зерттелмейді
2) Pb2+ катионын бөліп алып анықтау.
PbCl2 – тұнбасы ыстық суда еритін болғандықтан (ЕК(PbCl2)= 1,6· 10-5) тұнбаны 5-6 рет ыстық сумен жуады. Ол үшін тұнбаға (І) ыстық су құйып, қайнағанша қыздырады. Тұнбаны ерітіндіден центрифуга арқылы бөледі. Тұнбаның толық жуылғанын тексеру керек.
ІІ- тұнба 2- ерітінді
Hg2Cl2 , AgCl Pb2+ ионы
Pb2+ катионын арнайы реакциялармен анықтайды.
3) Hg2 2+ катионын бөліп алып анықтау.
Екінші тұнбаға концентрлі аммиак ерітіндісін қосып шыны таяқшамен араластырады. Қара түсті тұнбаның түзілуі (NH2HgCl+Hg) ерітіндіде Hg2 2+ катиондары бар болғанын дәлелдейді.
ІІІ- тұнба : (NH2HgCl ↓+Hg↓) [Ag(NH3)2]+ 3- ерітінді
3- тұнбаны 3- ерітіндіден бөліп, тұнбаны талдау қажет. Ол үшін центрифугаға тұнбаны ерітіндіден бөліп, тұнбаны дистилденген сумен жуып, патша сұйығының 2-3 тамшысын тамызып, қыздыру қажет. Реакция нәтижесінде Hg 2+ иондары түзіледі:
NH2HgCl + Hg + 2 HNO3 + 4 HCl → 2 HgCl2 + 2 NO2 + 2 H2O + NH4Cl
Сынап (ІІ) катиондарын анықтау үшін ерітіндіге SrCl2 ерітіндісін қосады. Hg2+ катиондарының қатысында ақ түсті тұнба түзіледі. SrCl2 ерітіндісінің артық мөлшерінде HgCl2 дербес сынапқа дейін тотықсызданады да, тұнба қараяды.
4) Аg+ катиондарын анықтау.
3- ерітіндіні екіге бөледі. Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы 6 н. HNO3 ерітіндісін қосып, ерітіндінің ақ түске лайланғанын байқау қажет. Екінші пробиркаға КІ концентрлі ерітіндісін қосады. Аg+ иондарының қатысында жасыл- сары тұнба түзіледі.


2-ші зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет