6.* Металдардың әсері Сынап кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан, оның Е0= +0,792 В, сондықтан Hg22+ионын металдық темір, мырышпен қатар мыс та (Е0=+0,345 В) оның ерітінділерінен тотықсыздандырады:
Hg2(NO3)2 + 2 Cu 2 Cu(NO3)2 + 2 Hg↓
Бұл Hg22+ - иондарының анықталу реакциясы.
Реакцияның орындалуы. Алдын-ала аммиак ерітіндісімен, сумен тазартылып, құрғатылып, сүртілген мыс пластинасына 1 тамшы сынап(І) тұзының ерітіндісін тамызады. Сынап (І) иондары қатысында сынап бос күйінде бөлініп шығып, мыс амальгамасын түзеді.
7. * SnCl2 әсері Сынап (І) нитраты ерітіндісіне SnCl2 ерітіндісін қосқан кезде алғашында ақ тұнба Hg2Cl2 түзіледі, содан соң ақ тұнба қараяды; себебі Hg22+ дербес сынапқа дейін мына реакциялар бойынша тотықсызданады:
Hg2(NO3)2 + SnCl2 → Hg2Cl2 ↓+Sn (NO3)2 Hg2Cl2↓ + SnCl2 → SnCl4 + 2 Hg↓
Бұл реакция ертітіндіде Hg22+ иондарын анықтау үшін қолданылады.
Реакцияның орындалуы. Сынап (І) нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы SnCl2 ерітіндісін қосады.
Pb2+ катионының реакциялары І. *HCl әсері. Тұз қышқылының әсерінен қорғасын (ІІ) хлориді тұнбаға түседі, бірақ қорғасын толық тұнбаға түспейді, өйткені оның ерігіштігі жоғары:
Pb(NO3)2 + 2 HCl → PbCl2 ↓ + 2 HNO3 Pb2+ +2 Cl- → PbCl2↓
Концентрлі HCl –дың артық мөлшерінде комплекті қышқыл түзіледі:
PbCl2 + 2 HCl → H2[PbCl4]
PbCl2- ыстық суда жақсы ериді, бұл қасиетті Pb2+ катионын осы топ катиондарынан бөлу үшін пайдаланады.
Реакцияның орындалуы.Қорғасын (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы HCl ерітіндісін қосып, тұнба түзілуін байқайды. Түзілген тұнбаны ыстық суда ерітіп көріп, ерітіндіні салқындатып, қайтадан тұнба түзілгенін байқау керек.