Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет11/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

2. ** NaOH, KOH әсері.
Сілтілермен әрекеттесіп қара түсті тұнба түзеді:
Hg2(NO3)2 + 2 NaOH → Hg2O↓ + 2 NaNO3 + H2O
Hg22+ + 2OH-→ Hg2O↓ + H2O
Түзілген тұнба минералды қышқылда ериді.
Реакцияның орындалуы. Сынап (І) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы NaOH (KOH) ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.


3. * NH4OH әсері.
Сынап(І) тұздарына NH4OH ерітіндісімен әсер еткенде мына реакциялар жүреді:

Hg2Cl2 + 2 NH4OH  [ NH2Hg2]Cl ↓+ NH4Cl + 2 H2O
[ NH2Hg2]Cl ↓ NH2HgCl ↓ + Hg↓

Бұл реакцияларды Hg22+ - иондарын анықтау үшін пайдаланады.


Реакцияның орындалуы.
Сынап (І) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша NH4OH ерітіндісін қосады.


4. **КІ әсері
Калий иодидімен сары-жасыл түсті тұнба түзеді:
Hg2(NO3)2 + 2 KI Hg2I2↓ + 2 KNO3 ; Hg2+ + 2 I-  Hg2I2
Калий иодидінің артық мөлшерінде мына теңдеу бойынша комплекті қосылыс түзіледі:
Hg2I2 + 2 KI  K2[ HgI4] + Hg↓ ; Hg2I2 + 2 I-  [ HgI4]2- + Hg↓
Реакцияның орындалуы.
Сынап(І) нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша калий иодиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Тұнбаға КІ ерітіндісін тағы да артьық қосып, тұнбаның ерігенін дәлелдеу.


5. **К2CrO4 әсері
Калий хроматы сынап (І) иондарымен қызыл-қыш түсті тұнба түзеді:
Hg2(NO3)2 + K2CrO4  Hg2CrO4↓ + 2 KNO3 ; Hg22+ + CrO4 2-  Hg2CrO4
Тұнба азот қышқылында ериді. Pb2+, Ba2+, Bi3+, Ag+ т.б. катиондар түсті хроматтар түзетіндіктен, бұл реакцияға кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы. Сынап (І) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы калий хроматы ерітіндісін қосып тұнба түзілгенін байқау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет