5. ** Na2HPO4 әсері. Ag+ ионы гидрофосфттармен сары түсті тұнба түзеді:
3 Ag NO3 + Na2HPO4 → Ag3PO4↓ + 2 NaNO3 + HNO3 3 Ag+ + HPO4- → Ag3PO4↓ + H+ Күміс фосфаты NH4OH-та, минералды және сірке қышқылдарында ериді:
Ag3PO4↓ + 6 NH4OH → [Ag(NH3)2]3PO4 + 6 H2O
Реакцияның орындалуы.AgNO3 ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы Na2HPO4 ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау .
6. * К2CrO4 әсері. Калий хроматы Ag+ - иондарымен қызыл-қыш түсті тұнба түзеді:
2 Ag NO3 + К2CrO4 → Ag2CrO4 ↓ + 2 KNO3 2 Ag+ + CrO4- → Ag2CrO4 ↓
Тұнба азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді, бірақ сірке қыщқылында ерімейді. Реакцияны бейтарап ортада (рН=7) орындаған жөн. Pb2+, Ba2+, Bi2+, Hg2+, Hg22+ т.б. калий хроматымен түсті тұнбалар түзеді. Бұл реакциямен Ag+ ионын анықтауға тотықсыздандырғыштар да кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы.Күміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына сондай мөлшерде калий хроматы ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау .
7. **(CH2O + NH4OH) әсері. Күміс тұздарының аммиакты ерітіндісіне формальдегид қосып, қыздырады. Пробирканың қабырғасында «күміс айнасы» пайда болады:
2 [Ag(NH3)2]NO3 + CH2O + 2 H2O → Ag↓ + HCOONH4 + 2 NH4NO3 + NH4OH
Реакция өте сезгіш, талғағыш. Күшті тотықтырғыштар кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы.Күміс нитраты ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы NH4OH ерітіндісін және осы ертітіндіге сұйытылған формальдегид ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосып, пробирканы ыстық суға батыру қажет. Дербес металдық күмістің түзілгенін байқау.