Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет7/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

Na+ катионын анықтау.

Зерттеуде ерітіндінің 5-6 тамшысын пайдаланады. Анықтаушы реагент ретінде калийдің гексагидроксостибатын немесе цинкуранилацетатын пайдаланады ( алдында көрсетілген арнайы реакцияларды қарау қажет).

  1. K+ катионын анықтау.

Ерітіндінің қалған бөлігінен K+ иондарын арнайы реакциялармен анықтайды. Анықтаушы реагент ретінде натрийдің гексанитро(ІІІ)кобальтатын Na3[Co(NO2)6] немесе гексанитрокупрат натрий қорғасынын Na3Pb[Cu(NO2)6] пайдалануға болады.
7. Екінші аналитикалық топ катиондарының жеке реакцияларын орындау
(* орындау керек; ** білу керек)


Ag+ катионының реакциялары
І. *HCl, NaCl әсері.
Тұз қышқылы және натрий хлориді күміс иондарымен ақ түсті тұнба түзеді:
AgNO3 + NaCl → AgCl ↓ + NaNO3
Ag+ +Cl- → AgCl ↓
Ерітіндінің рН<7 болуы қажет, жоғары температурада тұнба толық түседі.
ВіО+ және SbO+ кедергі жасайды, себебі тұз қышқылымен ақ түсті тұнбалар түзеді (SbOCl, BiOCl).
Күміс хлориді минералды (HNO3, H2SO4) қышқылдарда ерімейді, ал концентрлі HCl - мен комплекстер түзеді:
AgCl + 2 HCl → H2[AgCl3]; AgCl + 3 HCl → H3[AgCl4]
Бірақ бұл комплекстер тұрақсыз. Күміс хлориді көптеген қосылыстарда ериді, реакция нәтижесінде комплексті қосылыстар түзіледі:
AgCl + 2 NH4OH → [Ag(NH3)2] + 2 H2O
AgCl + (NH4)2CO3 → [Ag(NH3)2]Cl + H2O + CO2
AgCl + 2 Na2S2O3 → Na3 [Ag(S2O3)2] + 2 NaCl
AgCl + 2 KCN → K[Ag(CN)2] + KCl
Қышқылдар әсерінен аммиакаттар бұзылады:
[Ag(NH3)2]Cl + 2 HNO3 → AgCl ↓ + 2 NH4NO3
[Ag(NH3)2]+ + 2 H+ + Cl- → AgCl ↓ + 2 NH4+
немесе
[Ag(NH3)2]Cl + KI + 2 H2O → AgI↓ + KCl + 2 NH4OH


Реакцияның орындалуы. Күміс нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы тұз қышқылы ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқау қажет. Түзілген тұнбаға 5-6 тамшы аммиак ерітіндісін қосып (сілтілік орта), оны шыны таяқшамен араластыру керек. Тұнба ериді. Ерітіндіге бірнеше тамшы HNO3 (қышқылдық орта) қосу қажет. Күміс хлориді тұнбасының түзілгенін не ерітіндінің лайланғанын байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет