Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет8/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

2. *NaOH, KOH әсері.
Сілтілер әсерінен қара-қоңыр түсті оксид түзіледі:
2AgNO3 + 2 KOH → Ag2O↓ + 2 KNO3 + H2O
Сұйытылған қышқылдарда және аммиак ерітіндісінде ериді:
Ag2O + 2 HNO3 → 2 AgNO3 + H2O
Ag2O + 4 NH4OH → 2 [Ag(NH3)2]OH + 2 H2O


Реакцияның орындалуы. Күміс нитраты ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.


3. ** NH4OH әсері.
Аммиак ерітіндісін ақырын қосқанда қара түсті оксид түзіледі:
2AgNO3 + 2 NH4OH → Ag2O↓ + 2 NH4NO3 + H2O
Тұнба аммиактың артық мөлшерінде ериді.
Реакцияның орындалуы.
Күміс нитратының 1-2 тамшысына 1 тамшы сұйытылған аммиак ерітіндісін қосып, қара тұнба түзілгенін байқау. Аммиак ерітіндісін артық мөлшерде қосып тұнбаны ерітіп көру.
4. ** KI, KBr әсері.
Қышқылдарда ерімейтін сарғыш AgBr және ашық жасыл түсті AgI түзіледі:
AgNO3 + KBr → AgBr↓ + KNO3 ; Ag+ + Br- → AgBr↓
AgNO3 + KI → AgI↓ + KNO3 ; Ag+ + I- → AgI↓

Күміс бромиді концентрлі NH4OH, KCN, Na2S2O3 ерітінділерінде ериді:


AgBr↓ + 2 NH4OH → [Ag(NH3)2]Br + 2 H2O
Күміс иодиді тек KCN мен Na2S2O3 ерітінділерінде ғана ериді:
AgI ↓ + 2 Na2S2O3 → Na3[Ag(S2O3)2] + NaI
Бірақ NH4OH - пен әрекеттеспейді, бұл күміс галогенидтерінің әр түрлі ерігіштіктерімен түсіндіріледі.
Реакцияның орындалуы. Күміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы KBr немесе KI ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет