Кітапта сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу және оны оны мектеп тәжірибесімен ұштастыра отырып, баяндау талабы алға қойылды. Біз, мүмкіндігінше, педагогика және әдістеме оқулықтарындағы осыған қатысты жалпы қағидаларды қайталамауға тырыстық. Ол қағидалар кез-келген мұғалімге белгілі. Сондықтан қазіргі мектеп тәжірибесінде орын алып отырған оқулықтарға кӛңіл аудара отырып, оны болдырмаудың жолдарын кӛрсетуге кӛңіл бӛлдік. Осының барысында біз тӛмендегідей тұжырымдарға келдік:
Сабақтың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Кәсіби дайындық, біздіңше, мынадай үш қосылғыштан тұрады: теориялық дайындық, психологиялық-педагогикалық дайындық және әдістемелік дайындық. Егер мұғалімнің кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болса, онда табыс ӛзінен-ӛзі келеді.
Мұғалім жақсы сабаққа ӛмір бойы әзірленеді. Ол еш уақытта жоғары оқу орнында алған білімдерімен шектеліп қалмауға тиіс, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мерзімді педагогикалық басылымдарды, озат іс- тәжірибелерді үнемі оқып-үйрену оның басты назарында болуы керек.
Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау шығармашылықты талап ететін, мұталімді кӛп іздендіретін, терең ойландыратын және кӛп уақыт пен қажырлылықты талап ететін жұмыс болып табылады. Сабаққа дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері мен технологиясын терең меңгеру мұғалімнің сан-саналы педагогикалық еңбегін ғылыми түрғыда дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Жас мұғалімдердің, керек десеңіз, тіптен кейбір кӛп жылдық тәжірибесі бар мұғалімдердің жұмысындағы елеулі кемшіліктердің бірі - олардың сабаққа формальды түрде (мектеп әкімшілігінің тексеруінен құтылу үшін -П.С.) дайындалып, нақты жұмыс жоспары болатындай сабақ жоспарын жасауға ұмтылмауында. Бұл мектеп жұмысындағы әлі де болса тиісті дәрежеде кӛңіл бӛлінбей келе жатқан проблемалардың бірі.
Сабақ жоспары – сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының қызметін үйлестіретін негізгі құжат. Сондықтан сабақ жоспарын жасау талқылауды қажет етпейтін, мұғалім үшін міндетті нәрсе болып табылады.
Сабақ жоспарын (бұл жерде тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарлары туралы әңгіме болып отыр -П.С.) жасаудың барлық мұғалім үшін міндетті, бірегей түрі болмайды, яғни оны жасау схемасы ешқандай жағдайда да ӛзгермейтін, бұлжымайтын нәрсе деп қарауға болмайды. Әрбір мұғалім сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін терең меңгеріп, оны ӛзінің жұмысында шығармашылықпен пайдалана білуі тиіс.
Бастауыш сыныптар мұғалімдері математика сабағына дайындалу мен оны жоспарлауды ғылыми тұрғыда негізделген және қазіргі мектеп тәжірибесінде сынақтан ӛткен жүйе бойынша жузеге асыра білуге ұмтылуы
керек, ӛйткені математиканы оқыту үдерісінің нәтижелілігі, математика сабақтарының жүйелілігі, оқушылардың білімдерінің тереңдігі сайып келгенде мұғалімнің сабақты дұрыс жоспарлауына тікелей байланысты.
Мұғалім әрбір математика сабағына тыңғылықты дайындалып, оның сабақ жүргізу барысында басшылыққа алатындай нақты жоспарын жазуға тырысуы керек. Бұл қазіргі күні, әсіресе бастауыш қазақ мектебі үшін ӛте-мӛте маңызды мәселе болып табылады.
Оқу құралы студенттердің бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесіне, бастауыш мектепте математиканы оқыту тарихына және сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне үлкен мән беріп, ӛзінің педагогикалық еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруына, білім деңгейінің кӛтерілуіне кӛмегі тиеді деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |