Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі


Жаңа білімді игеру сабағы



бет5/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Жаңа білімді игеру сабағы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Жаңа материалмен жұмыс;

  3. Жаңа материалды бекітумен байланысты жұмыс;

  4. Үй тапсырмасы;

  5. Сабақты қорытындылау.

Бақылау сабағы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Мұғалімнің тапсырма ұсынуы;

  3. Тапсырмаларды орындау жӛнінде нұсқаулар беру;

  4. Оқушыларды тапсырманы орындауы;

  5. Орындалған тапсырманы ӛткізу (немесе тексеру);

  6. Үйге тапсырма беру;

  7. Сабақты қорытындылау.

Бұдан кейбір сабақтарға сабақ элементтерінің бәрі, ал екіншілеріне олардың кейбірі ғана еніп, кейбірі түсіп қалатындығын аңғаруға болады. Сондықтан да әр түрлі типтегі сабақтардың құрылымы да әр түрлі болады. Соңғы кездері мерзімді педагогикалық басылымдардан тәжірибелі мұғалімдердің сабақтың жаңа түрлерін қолданып жүргені байқалады. Атап айтар болсақ, олар мыналар: сайыс – сабақ, ойын сабағы, жарыс сабағы, жарнама сабағы, концерт сабағы, аукцион-сабақ т.б. Сондай-ақ жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдер мектеп тәжірибесіне интеграцияланған сабақ, панорамалық сабақ, диспут-сабақ, проблемалық сабақ сияқты сабақ түрлерін, жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту технологияларын енгізу бағытында қыруар жұмыстар атқаруда.


    1. Мҧғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жоспарлауы


«Сабақ, - деп В.А. Сухомлинский – тәрбиеленушілердің интеллектуал- дық ӛмірінің басты сферасы болып табылады, онда ӛмір даналығына жеткізген ұстаз бен оның шәкірттерінің рухани араласуы болып жатады.» Сонымен қатар ол: «сабақта мұғалім оқушыларға білім әлемін ашып қана қоймайды, сонымен қатар ӛзін де танытады, олардың алдында ӛзінің рухани дүниесін, ӛзінің рухани байлығын ашып кӛрсетеді»;


«Сабақ, - деп Т.Қ.Оспанов – құрамы тұрақты оқушылармен нақты келісіл- ген уақыт аралығында (35-45 мин), қатаң бекітілген сабақ кестесімен және оқыту жұмысының барлық бала үшін бірдей материалмен ұйымдастырылатын оқытудың формасы.» - деп атап керсеткен болатын.
Сабақ - мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушының ұжымдық шығармашылық еңбегі. Сабақ үстінде оқушының психикалық жай-күйін және оқуға дайындық деңгейін уақытында анықтау, оқушыларды ӛздігінен танымдық іс-әрекетке ұмтылдыру, осы іс-әрекетті басқару және тағы басқалар, мұның барлығы мұғалімнен оқытуды ғылыми негізде ұйымдастыра білуді талап етеді. Сабақтың ғылыми негізде дұрыс ұымдастырылуы мен ӛткізілуі кӛптеген алғы шарттарға байланысты болады. Ол ең алдымен, педагогтың сабаққа шығармашылықпен әзірленуіне тікелей тәуелді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, жалпы алғанда, оның тӛмендегідей сапалық қасиеттері бойынша анықталады:
а) ӛмірге деген кӛзқарасы, идеялық танымы;
ә) білім деңгейі (ол жан-жақты дамыған, терең білімді адам болуы тиіс); б) балалармен қарым-қатынасы;
в) кәсіби даярлығы (ол ӛз пәнін жетік білуі, оқыту ситуацияларын алдын- ала болжай білуі және осыған сәйкес тиімді әдістерін таңдай білуі керек);
г) жеке басының сапалық қасиеттері (мінез-құлқы, педагогтық әдебі және т.с.с.).
Егер мұғалім бұл сапалық қасиеттерді ұдайы шыңдап отырмаса, онда оған оқу-тәрбие процесінің алдына қойылып отырған күрделі міндеттерді шешу мүмкін болмайды.
Сабаққа дайындалу жас мұғалімдер тұрмақ, кӛп жағдайларда тіпті тәжірибелі мұғалімдер үшін де қиын іс болады. Мұғалімнің шығармашылық лабораториясы нақ осы жерде, яғни сабаққа дайындалу үстінде ашылады. Бұл орайда В.А.Сухомлинский былай деп жазған еді: «...Мұғалім жақсы сабаққа ӛмір бойы әзірленеді. Педагогикалық еңбектің ӛз заңдылығы бар: білім беру тікелей бірден бола қалмайды, мұғалім сабақтың алдында ғана білім кӛзімен танысып, оқушыларға жеткізуге қажеттісін ғана таңдап алады. Білгір, ойлағыш, тәжірибелі педагог ертеңгі сабағына әзірленіп, сарылып, ұзақ отырып қалмайды. Сабаққа тікелей әзірлікке оның аз ғана уақыты кетеді, ол әр сабақтың ұзақ жоспарын жазып жатпайды және жоспарға бұл сабақтың нақты материалының мазмұнын жазу туралы әңгіме болуының ӛзі мүмкін емес. Ол шынында да, жақсы сабаққа ӛмір бойы әзірленеді».
Сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне ғалым-педагогтар, әдіскерлер, сондай-ақ мұғалімдер тарапынан бұрыннан-ақ айтарлықтай кӛңіл бӛлініп келеді. Қазіргі кезде бұл жӛнінде дидактика мен жеке пәндердің әдістемелерінде айтарлықтай бай тәжірибе жинақталды деп айтуға болады. Сабақты ғылыми негізде әзірлеу мектепке бірден келе қойған жоқ. Бастапқыда, ең алдымен оқу материалын уақыт бойынша бӛліп (оқу жоспарындағы сағат саны тақырыптарға үлестіріліп бӛлінеді), кӛрнекі құралдар мен құрал - жабдықтардың қажетті түрлеріне және мектеп әкімшілігіне бағдарламаның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға кӛңіл аударылды. Осының барысында 30-50-ші жылдары оқу материалын күнтізбелік жоспарлау жүзеге асырылды. Сӛйтіп мұғалімнің сабаққа әзірленуіндегі негізгі салмақ оның күнделікті жұмысына түсті.
Осы кезеңдердегі әдістемелік құралдарға жасалған біздің талдауларымыз математикадан сабақ жоспарының (жаңа материалды оқып үйрену сабақтарының) негізгі схемасы тӛмендегідей болғандығын байқатты:

  1. Сабақтың тақырыбы.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Мұнда әрқайсысы нақты оқушыларға арналған 3-4 сұрақ белгіленеді.)

  3. Жаңа материалды түсіндіру. (Мұғалімнің оқу материалын баяндайтын қысқа түрдегі конспектісі беріледі, оқу материалын бекітуге арналған сұрақтар, есептер, жаттығулар белгіленеді, сондай-ақ мұнда білік қалыптастыруға арналған ӛзіндік жұмыстар енгізіледі).

  4. Үй тапсырмасы (оқулық параграфы мен есептердің нӛмірі кӛрсетіледі).

Кейбір мұғалімдердің сабақ жоспарына «Сабақтың жабдықталуы» деген пунктті, кейбіреулерінің «ұйымдастыру кезеңі» дегенді қосып жазатындағы аңғарылады.
Сол жылдардағы мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлауына байланысты әдістемелік әдебиеттерді қолдануына қатысты тӛмендегідей талаптар қойылды:

  1. Сабақтың тақырыбын анықтау (күнтізбелік жоспар бойынша).

  2. Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтарды іріктеп алу. Мұндағы кӛңіл аударарлық жағдай бұл сұрақтардың алдыңғы сабақтаӛтілген оқулық параграфына немесе есептер мен жаттығулардың нӛмірлеріне сәйкес болуы талап етілетін (40-жылдардың аяғына қарай мұғалімдер сабақтың осы кезеңі үшін 5-6 оқушыға арналған үлестірмелі парақ тапсырмаларын дайындауды қолға ала бастады).

  3. Баяңдауға тиісті материалды іріктеп алу. Мұғалім материалды мектеп курсына арналған оқулықтан алатын, сондай-ақ қосымша материалды да таңдап алып, оларды ӛзара үйлестіруге кӛңіл бӛлді.

  4. Оқу материалын таңдап алып, сабақтың конспектісін құрғаннан кейін мұғалім бекітуге арналған сұрақтарды тұжырымдап, ӛзіндік жұмысты (жаттығуларды) жоспарлауға назар аударатын.

  5. Үй тапсырмасы үшін материалдар таңдап алу.

Сонымен, бұл кезеңдерде (30-50 ж.ж. -П.С.) сабақты жоспарлауды оқу материалының сабақ кезеңдеріне сай болуына баса кӛңіл аударылғаны байқалады. Алайда, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға кӛңіл бӛлінбеуіне байланысты сабақ жоспары тым қысқа болғандығы аңғарылады.
40-жылдары педагогикалық әдебиетте мектеп тәжірибесіне тақырыптық жоспарлауды енгізудің қажеттігі туралы мәселе кӛтеріле бастады. Бірақ халық ағарту министрлігі күнтізбелік жоспарлау мен күнделікті сабақ жоспарын жасауды ғана міндетті деп есептеді. Бірақ, соған қарамастан, кӛптеген мектеп басшылары мектеп тәжірибесіне тақырыптық жоспар жасауды ӛз беттерімен енгізе бастады.
Осының барысында мұғалімдерден үш түрлі жоспар дайындау талап етіліп, бұл мұғалімдер тарапынан наразылық тудырды. Сӛйтіп 50-ші жылдары сабақтарға жүйелі түрде дайындалудың мәнін теріске шығарушылық белең алды. Бұл жылдары, тіптен педагогика ғылыми емес, ол ӛнер, ал мұғалім – актер, импровизатор, ол ӛз пәнін жете білсе болғаны, ол сабақта барлығын ӛзі ойлап таба алады деген теріс пікірлер де болды.
Ғылымның дамуы, жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге кӛшу міндеттері, мұғалімдердің оқытуды белсенді етудің жолдарын шығармашылықпен іздестірулері мұғалімнің сабаққа дайындалуы туралы мәселені қайта қарауды талап ете бастады. 50-ші жылдардың соңына қарай мектептегі оқытудың политехникалық бағытын күшейтуге басты назар аударылды, пәнаралық байланыс ӛзекті мәселелердің бірі ретінде бағаланып, сабақ пен оқытудың әдістері туралы пікірталастар орын алды. Мәселен, Қазан және Ростов қалаларының шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері сабақты ұйымдастыруға жаңа тұрғыда қарай отырып, сабақтың дәстүрлі құрылысын сынға алды және оның тӛрт кезеңін міндетті деп санаудың теріс екендігін атап кӛрсетті. Бұл оқу процесін жетілдіруге, сонымен бірге сабаққа
дайындалу мен оны жоспарлауға деген жаңа кӛзқарастардың қалыптасуына игі әсерін тигізді.
М.А.Данилов пен Б.П.Есипов және т.б. ғалым-педагогтар оқушылардың сабақтағы танымдық іс-әрекетін белсенді ету теориясын дамытты. Біртіндеп күнтізбелік жоспарлау тақырыпттық жоспарлауға ауыса бастады. Осы жылдардағы әдістемелік әдебиеттерде тақырыптық жоспарлаудың үлгілері берілді, ол, негізінен алғанда, тӛмендегідей болды: сабақтың реті (немірлері), сабақтардың, практикалық жұмыстардың, бақылау жұмыстарының тақырыптары, сабақтағы практикалық жұмыстар. Бұл шын мәнісінде мектеп тәжірибесіне тақырыптық жоспарлауды енгізу мәселесінде алға жылжушылық болып табылады.
Сол жылдары тақырыптық жоспарлауға педагогикалық әдебиетте де мол орын берілді. Мәселен, М.А.Даниловтың еңбектерінде тақырыптық жоспарлаудың мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар тудыратыны атап керсетілді. Ол сондай-ақ тақырыптық жоспарлаудың негізгі мәселелерін де шешіп берді. М.А. Даниловтың пікірі бойынша, тақырыптық жоспар жасау мұғалімнің сабаққа дайындалуындағы аса маңызды кезең болып табылады. Тақырыптық жоспарлауға осы тұрғыдан келу және одан мұғалімнің сабақтар жүйесінде жекелеген сабақтарды да кӛре алу мүмкіндігі сабаққа дайындалу әдістемесінің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік тұғызады. Ғалым-педагогтардың осы бағыттардағы ғылыми- жұмыстары мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Мәселен, халық ағарту министрлігінің бағдарламалық-әдістемелік басқармасының құжаттарын және В.П.Стрезикозиннің (басқарма бастығы) еңбектерінен мектептерде күнтізбелік - тақырыптық жоспарлауға кӛңіл аударыла бастағанын аңғаруға болады.
70-жылдары мұғалімдерге жаңа оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуге әдістемелік кӛмек беру мақсатында әр түрлі ғылыми-әдістемелік басылымдарда тақырыптық жоспарлардың үлгілері жариялана бастады. Олардың, сӛз жоқ, жаңа оқу бағдарламаларына кӛшу кезінде мұғалімдерге кӛп пайдасы тиді.
Алайда, бұл жартылай күнтізбелік, жартылай тақырыптық сипаттағы жоспарлар, тіптен, 1966 жылы М.А.Даниловтың атап кӛрсеткен талаптарын да қанағаттандырмайтын еді. В.П.Стрезикозиннің еңбектеріндегі мұғалімдерге жоспарды ӛздері жасамай, тікелей жарияланған жоспарды басшылыққа алып, жұмыс істеу туралы кеңестері тақырыптық жоспарлау жайлы мәселе тӛңірегінде үлкен пікірталастар тудырды. Шындығында, бұл мұғалімнің еңбегін жеңілдетудің орнына оны ауырлата түсті, яғни негізгі салмақ күнделікті сабақ жоспарына түсті. Ал, бұл жағдайда мұғалім келесі сабақтарды ӛткізуді қайтадан ойластыруға және тақырыптық жоспарлау бойынша қосымша жұмыстар істеуге мәжбүр болып отырды. Күнделікті сабақ жоспарының схемасына педагогтар мен әдіскерлер тарапынан жеткілікті дәрежеде кӛңіл аударылмады, сол себепті кӛптеген мұғалімдер бүгінгі күні де сабақ жоспарын жасауды бұрынғы түрде әлі де сақтап келеді (сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты, жабдықталуы, сабақтың барысы, үй тапсырмасы).

  1. ші және 90-ыншы жылдардағы педагогикалық әдебиетте жоспарлау- дың нақты ӛзіндік жүйесі болуы керектігі атап кӛрсетеді. Бұл жағдайды мұғалімдердің озық іс-әрекет тәжірибелері де мақұлдап, осы бағыттарда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

Мектеп тәжірибесіне қарағанда сабаққа дайындалу барысында мұғалім кӛптеген қиындықтарға кездеседі. Сабаққа дайындалу, шын мәнісінде жас мұғалімдер тұрмақ, тіпті тәжірибелі деген мұғалімдер үшін де қиын іс болып табылады. Әсіресе, бастауыш мектеп мұғалімдеріне бірнеше пәннен сабақ беретіндіктен сабаққа дайандалу барысында үлкен қиындықтарды жеңуге тура келеді. Сондай-ақ бастауыш мектеп оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты да күтпеген қиындықтардың да туындайтыны сӛзсіз.
Сабаққа дайындалу барысындағы туындайтын қиындықтардың негізгі себептері неде?
Біріншіден, соңғы кезде мұғалім мен оқушылардың сабақ барысындағы ӛзіндік дербес оқу-танымдық қызметінің үлесі артты. Қазір сабақта оқу материалы бұрынғыға қарағанда кӛбірек «ӛңделеді». Оқушылар сабақ барысында кӛптеген оқу-танымдық жұмыстар орындайды (жазады, текстерді талдайды, талқылайды, есептер шығарады, тәжірибелер жасайды және т.б.).
Педагогика ғылымында осы кӛрсетілген ӛзгерістерді сипаттайтын сабақтың құрылысын анықтау біршама жүзеге асырылғанымен, мектеп ғалым- педагогтар мен әдіскерлердің аса құнды ұсыныстарын ӛз кезінде есепке алуда кешігіріңкіреп отыр деуге болады. Оның үстіне мұғалімнің қолындағы әдістемелік кӛмекші құралдар оған сабақты жоспарлаудың барлық қиыншылықтарын жеңуге кемектеспей отыр, сондай-ақ бұрынғы кӛрнекі материал кӛп жағдайда түсіндірме-иллюстрациялық оқытуға арналғандықтан, оның оқушылардың ӛздігінен орындайтын белсенді жұмысы үшін үйлесімі аз болып отыр, ал жаңа техникалық құралдар мен оқытудың жаңа технологиялары жеткіліксіз игеріліп, тиімсіз пайдаланылуда.
Екіншіден, мұғалімнің еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру мектеп тәжірибесіне әлі де болса толық ендірілмей отыр. Сондықтан қазіргі күні мұғалім кӛп жағдайларда барлық сабақтарға жан-жақты дайындалуға және оларды әр түрлі деңгейлерде ӛткізуге үлгіре алмай келеді. Жекеленген сабақтарды ӛткізу барысындағы қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, кӛптеген мұғалімдер ӛздерінің жалпы жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізе алмай келеді.
Үшіншіден, педагогика ғылымы оқу материалын терең талдаудың әдістемесін, оның сабақ мақсатына байланысты құрылысын ӛзгертудің тәсілдерін, оқыту мазмұнының сипатына байланысты оқыту әдістерін тиімді таңдап алудың нақты жолдарын әлі ұсына алмай отыр.
Тертіншіден, оқулықтардағы материалдардың баяндалуы әдеттегідей хабарламалық сипатта қалып отыр. Мұғалім материалдың теориялық деңгейін ӛзі кӛтеруге, оны «блоктар» түрінде тұжырымдауға және оны әдістер құрылымымен сәйкестендіру мүмкіндігін ӛзі табуға мәжбүр болды.
Біздің пікірімізше, бұл атап керсетілген мәселелер ерекше кӛңіл бӛлуді қажет етеді. Ӛйткені олардың оң шешім табуы, сӛз жоқ, сабаққа дайындалу мен жоспарлау жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймыз.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы үздіксіз жүріп отыратын процесс және ол мұғалімнен кӛп уақытты, сондай-ақ қажырлы еңбекті талап етеді.
Жалпы алғанда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге дайындалуының тӛмендегідей жалпы сатыларын атап кӛрсетуге болады:

    1. Оқу жылына дайындық;

    2. Сабақтар жүйесіне дайындық;

    3. Күнделікгі сабақтарға дайындық.

Сан-салалы оқу-тәрбие жұмысына дайындықтың алғашқы сатысы оқу жылына дайындық болып табылады, ол білім беру саласындағы соңғы ақпаратты, білім берудің мемлекеттік стандарттарын, оқу жоспары мен оқу бағдарламалары сияқты нормативті кұжаттарды оқып-үйренуден басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет