IІІ. Қорытынды. Міне, балалар, сыныпқа да келіп қалдық. Саяхатқа барлығың да жақсы қатыстыңдар. Жеті ауылдың адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр.
Бүгін жеті атамызбен таныса отырып, 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстық.
Қазақ халқы 7 санын ӛте қасиетті сан деп білген. Ӛйткені, жаңа туған нәрестенің шілдеханасын жетінші күні жасаған. Қайтыс болған адамның жетісін берген. Жеті қазынаны, жеті жұтты тектен - тек атамаған.
Аталарымыздың: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сӛзі, шыққан тегін, ата - бабасын білген оқушы, ӛскенде туған- туысқанына мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып ӛседі дегені екен.
Әкесіне баласының баласы – немере,
Немере баласы - шӛбере, Шӛберенің баласы – шӛпшек,
Шӛпшектің баласы – немене. -болады. Әрі қарай ӛскенде білетін боласындар, - деп сабақты қорытындылаймын.
ІV. Үйге тапсырма. №5 мысал. Әр оқушыға ӛзінің 7 атасын біліп келуді тапсырамын.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту тәсілдері.
ІІ-нұсқа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 7 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы оқушылардың білімдерін бекіту. Кез-келген 7-ден кем санды 7-ге дейін толықтыру, 7 санының құрамын пайдаланып, мәні 7-ге қосынды оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдістерін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқу қызметіне, ӛз оқу әрекетіне саналы кӛзқарасқа, ұжымда ӛз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмысына қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ойын түрінде ӛтеді.
Кӛрнекіліктер: Сандар қатары, цифрлар, белгілер, дидактикалық материалдар, магнитті суреттер т.б.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагогикалық дайындық:
1, 2, 3, жинап алып күш, Отырамыз тып-тыныш.
Тірек-сызба бойынша 4, 5, 6, сандарының құрамын қайталау:
4 5 2 5 4 3
0 1 2
0 1 2
0 1 2 3
Математикалық диктант:
-
Қосылғыш
|
0
|
3
|
4
|
1
|
6
|
Қосылғыш
|
4
|
2
|
1
|
5
|
0
|
Қосындының мәні
|
|
|
|
|
|
Үлестірмелі парақтармен жұмыс. 4 оқушы жұмысты тақтада орындайды.
Қалған балалармен « Жеміс жинау» ойынын ойнау. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу:
Маратта бар бес іні, Мұратта бар екі іні. Қоссаң бес пен екіні Неше болды шешуі?
(Жауабы: 7.)
Кӛлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі?
(Жауабы: 5.)
Табақта бес алма, Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы, Болады неше алма?
(Жауабы: 7.)
Достарыңызбен бөлісу: |