Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың кӛрнекілігі: Киіз үй бӛлшектерінің суреті, үлкен етіп азылғанж тілек сӛздер, арқанға ішінген қалташа.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткенді пысықтау.
"Ішіне, сыртына" ойыны.
Үлкен етіп жазылған ӛрнектер тақтаға ілінеді. Оқушылар санды ӛрнекті ішіне, әріпті ӛрнекті сыртына жазады. Бұл ӛрнектердің ұқсастығы неде?
екеуі де ӛрнек,
екеуінде де сан бар,
екеуінде де қосу таңбасы бар. Айырмашылығы неде?
біреуінде әріп бар, ал екіншісінде әріп жоқ.
Жаңа сабақ.
Осы наурыз айында тойланатын ұлттық мейрамымыз қалай аталады? Наурыз қазақтың, барлық мұсылман халықтың мейрамы. Наурыздың 22-
інде күн мен түн теңеледі, қыс ӛтіп кӛктем келеді. Тіршілік басталады. Малының қыстан аман шығуы, оның ӛсіп-ӛнуі тӛлдеуі, қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Осы наурыз мейрамына арнап біздің сынып ӛз киіз үйін тігеді.
№1 тапсырма. "Киіз үй тігу" ойыны.
Киіз үй бӛліктерінің артына тапсырмалар жазылған. Соны орындап, әр бӛлікті орын - орнына қоямыз. Киіз үй бӛліктерін ата:
Кереге 3. Бақан 5. Уық.
Есік 4. Шаңырақ
№2 тапсырма. Есепті оқып, шартын құру: Диқандар – 4 киіз үй
Малшылар – 5 киіз үй ?
Шешуі: 5 + 4 = 9.
Жауабы: Барлығы 9 киіз үй тігілді. Сұрағын ӛзгертіп кері есеп құрау:
Диқандар – 4 киіз үй
Малшылар – 5
Шешуі: 5 – 4 = 1.
? артық
Жауабы: Малшылар 1 киіз үй артық тікті.
Наурыз мейрамында неше түрлі ұлттық ойындар ойналады. Ұлттық ойын түрлерін атап ӛту. Мысалы: соқыр теке, арқан тартыс, орамал тастау, айгӛлек, ұшты - ұшты, санамақ, тымпи-тымпи, кӛрші. Осы сияқты ойын түрлері ӛте кӛп. Соның ішінде қазір біз санамақ ойнаймыз.
-
Сергіту сәті: Бір дегенің - білеу,
Екі дегенің – егеу. Үш дегенің - үскі, Тӛрт дегенің - тӛсек,
Бес дегенің - бесік, Алты дегенің - асық,
|
Жеті дегенің - желке, Сегіз дегенің - серке, Тоғыз дегенің - торқа, Он дегенің – оймақ, Он бір қара жұмбақ.
|
Осы наурыз мерекесіне арнап ұлттық тағамдар дайындалады. Міндетті түрде "Наурыз кӛже" дайындалады. Оны әр үй түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс т.с. тағамдар түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты қыстан қалған еттен қосады.
Ұлттық тағамдар ӛте кӛп. Соның ішінде кейбіреуін айта кетейін: айран, қаймақ, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат - бұл сүт тағамдары.
Ет тағамдары: ет, бас, жал- жая, қазы-қарта, қуырдақ, сырбаз, шұжық, жӛргем, жау-жұмыр т.б.
№3 тапсырма:
1 - ауыл - 5 саба 2 - ауыл - ?
Шешуі: 5 – 2 = 3.
Жауабы: 2 ауыл 3 саба қымыз әкелді.
Саба – теріден жасалған қымыз құятын ыдыс. Қымыз – биенің сүтінен жасалған сусын.
Наурызда жақсы тілектер айтылады. Тақтадағы үлкен етіп жазылған сӛзді оқушылар кезекпен оқиды.
Пәле - жала жерге енсін, Тӛрт түлік ақты болсын!
Ӛрісің малға, үйің жанға толсын!
Міне, осы жақсы тілектер қабыл болсын деп,
№4 тапсырманы орындайық: Қызыл кесінді - 5 см
Жасыл кесінді - 6 см Кӛк кесінді - 10 см.
Ең қысқа кесінді қандай? Ең ұзын кесіндінің түсі қандай?
"Арқан тарту" ойыны.
Ойын туралы түсінік беріледі. Арқанға қоса ілінген қалташадағы тапсырма ауызша орындалады:
Табақта бес алма, Қолымда екі алма. Қосқанда барлығы Болады қанша алма?
(7.)
Бір алма апама, Бір алма атама. Екі алма беремін Кішкентай бӛпеме. Нешеуін алады, Нешеуі қалады?
(4 - еуін алады, 3 - еуі қалады.)
Достарыңызбен бөлісу: |