Ертеде, бір Қарындаш ӛмір сүріпті. Бір күні Қарындаш түзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол түзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алды да, ӛзіне-ӛзі: «Әлі қанша жүрер екенмін? Мына түзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?» - деді.
Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де:
Әй, Қарындаш-ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің? - деді.
Қой, онда мен қайта кері қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін, -деді Қарындаш.
Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды. - деді Түзу. Түзу тіпті әндетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз түзу сыз, Шетсіз, шексіз түзу сыз. – деп.
Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалды.
Сонда мен тоқтаусыз жүре бермекпін бе?
Егер тоқтағың келсе, түзудің бойынан екі нүкте белгіле. - деді Түзу. (Балалар мұғаліммен бірге түзудің бойынан екі нүкте белгілейді.)
Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш - енді мен түзудің бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай аталады?
Бұл менің кесіндім, – деп жауап берді Түзу жымиып. (Балалар түрлі түсті қарындашпен кесіндіні белгілейді.)
Түзудің кесіндісі, түзудің кесіндісі. - деп қайталай отырып, Қарындаш кесіндінің бір шетінен екінші шетіне серуендеп жүрді.
Міне, осылай кесінді пайда болған екен.
Цифрлар айтысы.
Бір күні цифрлар нӛлмен ұрсысып қалады да, оны мазақтайды:
Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
Сендер түк түсінбейтін ақымақ екенсіндер. Міне – бір. Мен оның оң жағына қатар тұра қалсам бір қандай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нӛл сандарға. Нӛл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді.
Егер сенің оң жағыңа тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? - деді нӛл беске. Нӛл бестің оң жағына қатар тұра қалыгі еді, 50 санына айналып кетті. Сӛйтіп, нӛл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан олардың қандай саңдарға айналғандарын сұрап шықты.
Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсың дейсіңдер. Кәне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5-5=.., 7- 7=..., 9-9=... .
Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді.
Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нӛлді мазақтамайтын болды.
Бірақ енді нӛлден басқа цифрлар ӛзара дауласа бастады.
Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп-кішкентай бір емеспін ғой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.
Ал, қанеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір. (19 саны шықты ғой).
Бір айтты:
Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан үлкен емес пе?
Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағында тұра қалып еді, 79 саны шықты.
Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар кезек-кезек келіп тоғыздың сол жағына тұрып кӛріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, ӛзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.
Цифрлар осыдан кейін ӛз қателерін түсініп, айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады?