1-ші есепте де, екінші есепте де неге қолғап 20 тг, ал тақия 60 тг болды?
Проблемалықсұрақтардыңжауабы(оқушыға сездіру):
Бірінші есептің шартындағы мағлұмат екінші есептің сұрағы болып тұр.
Ӛзара кері есептерде шарты мен сұрағындағы деректер алмастырылады. Еш уақытта әр дерекке қатысты сан ӛзгертілмейді.
Қолғап бірінші есептің шешуінде «20 тг – ге» тең.
Ӛзара кері есептердің мазмұны, ӛмірден алынған іс-әрекетке негізделген. Ӛзгермей тек орындары ауыстырылады.
Кері есептің құпиясы:
Кері есептің шарты, екінші есептің сұрағы немесе шешуі болады.
Бір есептің үштен де артық кері есептері болуы мүмкін.
Кері есептің бүкіл құпиясын дәлелдеу үшін, кітаптағы қысқаша жазуды басшылыққа алып екінші кері есепті құрастырып шығарамыз.
Тақия - ? 80 тг ? қымбат Қолғап 20 тг
Кері есептің оқушы құрастырған мәтіні: «Қолғап 20 тг тұрады. Қолғап пен тақия 80 тг тұрады. Тақия қолғаптан қанша теңге қымбат тұрады?».
Есептің мәтінін құрастырдық, шығару жолы оқушыларға түсінікті, сондықтан есептің берілгенін ӛзгертіп қайта жазуымызға болады.
Тақтамен жұмыс.
Қолғап – 20 тг 80 тг. Тақия - ? тг қымбат
Шешуі: (80-20) – 20 = 40.
Жауабы: Тақия 40 тг қымбат.
Бұның да «кері есеп» екенін дәлелдеу үшін проблемалық сұрақтарды
қою керек.
Салыстыру әдісімен өзара кері есептердің құпиясын ашу:
Бірінші есептің айырмашылығы неде?
Екініші есептен айырмашылығы неде?
Жоғарғы екі есептің ұқсастығы неде?
Неге бұлар ӛзара кері есептер?
Жауаптары:
Бірінші есептен айырмашылығы шешуінде.
Шешуі ӛзгеше болса, шарты да ӛзгеше.
Есептердің мазмұны, сипаты, әр есептегі іс-әрекеттер ұқсас, бірдей.
- Бір ғана іс-әрекеттің жанында бірнеше есеп құрастырылған. Қандай іс әрекет?
Тақия мен қолғаптың бағасы,
Болды, басқа ештеңе жоқ. Сондықтан бұлар ӛзара кері есептер.