Қорытынды.«Екі амалмен шығарылатын есепке екі амалды бірнеше кері есеп құрастыруға болады».
Үйтапсырмасы.№5 (115-бет).
Бағалау.
ОНДЫҚТАН АТТАП ЖАЗБАША ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ
Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: 27 + 36, 63 – 27 жағдайындағы қосу және
азайту. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін кӛрсету, санның құрамы, амалдардың қасиеттері, екі таңбалы сандарға амалдар жүргізу тәсілдері арқылы есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың математика еліне ойша саяхат жасау арқылы ақыл-ойын, ой-ӛрісін, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ тіл байлығы мен сӛздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ӛз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтҥрі: Саяхат сабақ.
Сабақтипі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Кӛрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Кӛрнекілігі: Математика елінің картасы, электронды оқулық, слайд, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастырукезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын реттеу. Сабаққа назарын аудару. Қызығушылықты ояту.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып, Математика – қызыққа тоймайтұғын.
-деп, математикаға осылай баға берілген.
Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда «Білім теңізінде» жүзе отырып математика еліне саяхат жасаймыз. Математика деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Ол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден сүрінбей ӛтуіміз керек.
слайд
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Бізге теңізде жүзу үшін не керек?
Кеме.
Егер сендер үй тапсырмасын дұрыс орындасаңдар, кеме дайын болады.
слайд
Балалар, біз кемемен теңізде жүзіп келеміз.
слайд
Аралға тез жету үшін сендер тест тапсырмасын жылдам орындап тастаңдар.
Тесттапсырмалары: Мына санды цифрмен жаз: «елу тӛрт». а) 45;
ә) 55
б) 54.
Есепті шығар:
Бекжан 40 теңгеге қылқалам, 30 теңгеге сызғыш сатып алды. Ол барлығы неше теңге жұмсады?
а) 50 теңге
ә) 70 теңге
б) 40 теңге.
Ені 3 см, ұзындығы 5 см болатын тіктӛртбұрыштың пириметірін тап: а) 10 см
ә) 12 см
б) 16 см.
Ӛткенсабақты бекіту. Мінеки, «Сандар» аралына да келіп жеттік. Бұл аралда біз екі таңбалы сандары қосу және азайту амалдарын үйренеміз. Алдыңғы сабақта біз ондықтан аттап, жазбаша 26 мен 34 қосындысы және 60 пен 26 түріндегі қосу мен азайту амалдарын қарастырған болатынбыз.
Ендеше электронды оқулыққа назар аударайық.