ІІІ. Жаңа білім беру.
Балалар, бүгін біз сендермен екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту үшін 27 мен 36-ның қосындысын және 63 пен 27 айырмасын қарастырамыз.
Жаңа сабақ мазмұны интерактивті тақтада (флипчарт) орындалып, түсіндіріледі.
Кестедегі сандарды оқы.
Олардың ондықтары мен бірліктерін ата, осы сандарды баған түрінде жазып, қосуды орындайық.
Түсіндіру:
- мұны баған түрінде жазбаша қосу деп атаймыз.
ә) бірліктер мен бірліктерді қосамыз, 7+3=13 13=1 онд. 3 бірл.
Бірліктің астына 3-ті жазамын, ал 1 ондықты есіме сақтаймын.
б) 2 онд. + 3 онд.= 5 онд. болады, тағы ойдағы 1 ондықты қоссам 6 ондық, 5+1=6. Ондықтардың астына 6-ны жазамын.
Жауапты оқимыз: қосындының мәні 63-ке тең.
Кестелік қосудың қандай теңдіктерін қолдандық? (7+6=13, 2+3=5) Енді, 63 пен 27-нің айырмасын баған түрінде азайтуды қарастырайық.
Ол үшін кестедегі сандары оқиық. Олардың
ондықтары мен бірліктерін ата. Осы сандарды баған түрінде жазып, азайтуды орындайық..
Түсіндіру:
мұны баған түрінде жазбаша азайту деп атаймыз
ә) 3 < 7 сондықтан 7 бірлікті 6 ондықтың 1 ондығынан және 3 бірліктен азайтамын. (Ұмытып кетпес үшін 6 цифрының үстіне нүкте қоямын.)
1 онд. 3 бірл.=13, ендеше 13-7=6. Бірліктің астына 6-ны жазамын.
б) 6 онд.-1онд.=5 онд. қалған, ал 5 онд.-2 онд.=3 онд. Ондықтардың астына 3-ті жазамын.
Жауапты оқимын: айырманың мәні 36-ға тең.
Кестелік азайтудың қандай теңдіктерін қолдандық? (13-7=6, 5-2=3.)
Қане, балалар енді келесі аралға аялдайық. «Ӛрнектер» аралы. Балалар, бұл аралда сендерден сандар аралында үйренгендеріңді тексеруге тапсырмалар орындалады.
№3 тапсырма. Түсіндіре отырып шығар.
Тақтамен, дәптермен жұмыс (күн атын жазғызу).
-
+
|
25
|
–
|
62
|
+
|
38
|
37
|
37
|
39
|
|
62
|
|
25
|
|
77
|
–
|
77
|
+
|
36
|
–
|
84
|
39
|
48
|
36
|
|
38
|
|
84
|
|
48
|
№4 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер» аралы.
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Суреттегі фигуралар қалай аталады? Фигураның периметрін қалай табамыз?
4 слайд
Тапсырма: Ұзындықтары 5 см, 7 см, 4 см, 6 см кесінділер сыз. Осы кесінділердің қайсыларының айырмасы 2 см болады? Қайсыларының қосындысы 1 дм1 см болады?
5 см
7 см
4 см
5-слайд
6 см
7 см – 5 см = 2 см 6 см – 4 см = 2 см
7 см + 4 см = 1 дм 1см.
№5 есепті шығару. «Есептер» аралы.
Әжесін мерекемен құттықтап 3 баласы домбыра тартты, 7 немересі ән салды және тағы 6 немересі би биледі неше адам ӛнер кӛрсетті?
а) Домбыра тартты – 3 адам
Ән салды – 7 адам ?
Биледі – 6 адам Шешуі: 3 + 7 + 6 = 16.
Жауабы: Барлығы 16 адам.
ә) Әжесін мерекемен құттықтап, 7 немересі ән салды тағы 6 немересі би биледі. Әженің неше немересі ӛнер кӛрсетті?
Ән салды - 7 адам
Биледі – 6 адам
Шешуі: 7 + 6 = 13
? адам
Жауабы: Барлығы 13 адам.
Сергіту сәті. «Демалыс» аралы. Санамақ:
Один – бір, ұйқыдан тұр, Екі – два, білмесең сұра, Три – үш, бойға жина күш, Четыре – тӛрт, айт сен серт. Пять – бес, ӛтірік айтпа еш,
Шесть – алты, оқушының алды, Семь – жеті, білмесең екі, Восемь – сегіз, қорадағы ӛгіз.
Девять – тоғыз, батыр бол нағыз, Десять – он, орныңа қон.
«Логика» аралы:
5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған. 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болады? (9 жаста.)
Сабақты бекіту. «Олжа» аралы. Электронды оқулықтағы тест тапсырмаларын орындатып сабақты бекіту:
Міне балалар, біз ӛз кемемізге мініп теңіз бетімен «математика еліне» бару үшін, әртүрлі аралдарда түрлі тапсырмалар орындап ой санамызды толықтырып, білмегенімізді үйреніп, білгенімізді шыңдап қайттық. Ендеше,
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика», « Математика – ғылымның атасы» (хормен).
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, бағалау.
Үйге тапсырма. №6 тапсырма, 160 бет.
Екінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау (52 бет).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ӛрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібін анықтау, ӛзара кері есептер құру және шығару, компоненттердің және шешудің таңдау нұсқасы арасындағы ӛзара байланысын түсіндіру, топтар арасындағы ӛзара қатынасты ескеріп, әртүрлі ӛлшем бірліктерін салыстыру машықтарын арттыру.
Дамытушылық: Жақшалармен таныстыру және жақша ішіндегі амалдың бірінші орындалатынын меңгерту. Ӛрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кӛрнекілік кӛрсету арқылы түсіндіру, СТО бағдарламасы.
Кӛрнекілігі: Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу кестесі, жақшалы ӛрнек кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Ӛткен сабақты қайталау. ІV. Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№7 тапсырма, 51 бет.
Психологиялық дайындық.
Балалар, қазір қай мезгіл? Қане, күз туралы Абай атамыздың қандай ӛлеңін білеміз?
Ойын «Күзгі жапырақтар».
1 м = 1 дм 1 м = 100 см
1 кг = 1000 г 1 т = 1000 кг
1 апта = 7 күн 1 мүшел = 12 жыл
1 тәулік = 24 сағат 1 ай = 28, 29, 30, 31 күн
1 ғасыр = 100 жыл 1 сағат = 60 минут
1 минут = 60 секунд 1 жыл = 365, 366 күн.
Дәптермен жұмыс.
60 санын минуттық кӛркем жазу. «Сен білімді оқушысың. Білімді оқушының жазуының жаман болуы мүмкін емес»
Математикалық диктант.
Жазу, мәнін табу.
Ауызша тексеру.
Жақшалы ӛрнектің оқылуына мән беру.
2 ондық 5 бірлік 3 ондық 4 бірлік
5 ондық 9 бірлік 6 ондық 8 бірлік
9 ондық 2 бірлік 4+ (4+ 20) =28.
Ӛрнекті жаз және мәнін тап. №1 тапсырма 52 бет.
90 мен 50-дің айырмасына 8-ді қос.
80 мен 30-дың айырмасына 7-ні қос.
60 пен 50-дің айырмасына 40-ты қос.
70 пен 40-тың айырмасынан 20-ны азайт.
50-ге 90 мен 80-нің айырмасын қос.
60-қа 50 мен 30-дың айырмасын қос.
№2 тапсырма.
Ауызша түсіндіріліп, жазбаша орындалады. Амалдардың орындалу ретін анықтау, салыстыру.
1 сағ * 1 тәулік
1 ғасыр * 1 мин
6 сағ + (3сағ + 1 сағ) * (6 сағ + 3 сағ) + 1 сағ
(3 тәул + 7 тәул ) – 2 тәул * 3 тәул + (7 тәул – 2 тәул)
(10 мин – 6 мин ) + 1 мин * 10 мин – (6 мин + 1 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |