Турист 14 күн отарбамен жүрді, автобуспен одан 2 есе аз жүрді және қанша күн отарбамен және автобуспен жүрсе, сонша күн жаяу жүрді. Турист жолда неше күн болды?
Отарбамен – 14 күн
Автобуспен – ? 2 есе аз ? ? Жаяу – ? сонша
Шешуі: (14 + 14 : 2) ∙ 2 = 42 (к)
Жауабы: Турист жолда 42 күн болды.
ІІ топ. №8 есеп:
Саяхатшылар тау ӛзенімен әрқайсысында 10 адамнан 4 байдаркамен тӛмен түсті, оларға тағы 9 адам қосылды да, жағаға дейін қайықпен жүзді. Сонда неше жеті орынды қайық қажет болды?
10 адамнан 4 байдарка ? а ? Қосылды – 9 а
Неше жеті орынды қайық ?
Шешуі: (10 ∙ 4 + 9) : 7 = 7 (қ)
Жауабы: Жеті орынды 7 қайық қажет болды.
Ойын«Ойлан тап».Әр топтан оқушы шығып қоржыннан логикалық есептер алып жылдам ойланып жауабын айтады.
№9 есеп ауызша орындалады:
Оқушылар демалыста әуе шарымен ұшты. Олар 4 орынды және 6 орынды шарлармен 3 реттен ұшты. Неше оқушы ұшты?
Шешуі: (4 + 6) ∙ 3 = 30 (о) Жауабы: 30 оқушы ұшты.
Альпинистер Хан Тәңірінің шыңына шығу үшін бірінші
аялдайтын жерге дейін 245 м, екінші аялдағанға дейін 255 м кӛтерілді. Олар шығып түсу үшін неше метр ӛтеді?
Шешуі: (245 + 255) ∙ 2 = 1000 (м).
Жауабы: Альпинистер шыңға шығу және тӛмен түсу үшін 1000 метр
ӛтеді.
№11 – есеп ауызша:
Ұзындығы 3 м және ені 2 м дастарханның жиектеріне шашақ тікті. Неше
метр шашақ қажет?
Шешуі: (2 + 3) ∙ 2 = 10 (м). Жауабы: 10 метр шашақ қажет.
№12 – тапсырманы орындау:
Тік тӛртбұрыштың ұзындығын 9 см арттырса, ал ені сол қалпында қалса, оның периметрі неше сантиметрге артады?
Шешуі: 2 ∙ (а + b) = 2 ∙ а + 2 ∙ b
2 ∙ (а + 9) + 2 ∙ b
Кӛбейтудің үлестірімділік қсиетін пайдаланып 2 ∙ а + 2 ∙ 9 + 2 ∙ b = 2 ∙ а + 18 + 2 ∙ b.
Демек, тік тӛртбұрыштың периметрі 18 см-ге артады.