Сабақ жоспары мҧғалім мен оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің мазмҧнын, әдіс-тәсілдерінің жиынтығын және ҧйымдастырылу тҥрлерін анықтайтын және реттеп отыратын қҧжат деп түсіну керек. Сонда ғана оны нақты жұмыс жоспары деуге толық негіз бар.
Мектеп тәжірибесінде сабақ жоспарын жасаудың дәстүрлі формасы кең таралған. Бірақ, біздіңше, оның кӛптеген кемшіліктері бар (оны 1-тарауда атап кӛрсеткенбіз -П.С.). Сондықтан біз мектеп тәжірибесінде сынақтан ӛтіп, мұғалімдер тарапынан үлкен қолдау тапқан тӛмендегідей форманы ұсынамыз:
Математика сабағы: сыныбы. Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: 1) Білімдік міндет.
Дамытушылық міндет.
Тәрбиелік міндет.
Практикалық міндет.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезең- дері
|
Мҧғалім- нің іс-
әрекеті
|
Оқушы- лардың
іс-әрекеті
|
Оқыту қҧрал- дары
|
Оқыту әдіс- тері
|
Оқыту- дың формасы
|
Ескер- ту
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың кезеңдері сабақтың типіне байланысты анықталады. Олардың саны мен ретін мұғалімнің ӛзі анықтайды да сәйкес кезеңдер бойынша кестенің бӛліктерін толтырып отырады. Сонда сабақтың әр кезеңінде не істеу керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы қандай нәтижеге жету мақсаты кезделеді деген сияқты мәселелер мұғалімнің кӛз алдында тұрады да, уақытты реттеп отыру, жоспарға ӛзгеріс енгізу, оны жетілдіріп отыру мүмкін болады. Осындай формада жасалатын сабақ жоспары мұғалімнің шығармашылыққа бейімделуіне себепші болады және оның кәсіби шеберлігі шыңдала түседі.
1-сыныптағы математика сабағының басқа сыныптарға қарағанда ӛзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, мұнда математика сабағы бір-бірімен ӛзара байланысты үш негізгі бӛліктен тұрады. Сондықтан нақтылы сабақтың ӛзі бірнеше кезеңнен құралғанымен, оның негізгі үш кезеңі бойынша орындалатын жұмыстардың мазмұны мен түрлерін алдын-ала анықтау міндетті болып табылады. Олар мұғалімге арналған кӛмекші құралдың «Сабақтарға нұсқаулар» атты бӛлімінде әр сабаққа қатысты берілген. Екіншіден, әр сабақтың бұл бӛліктерін қатаң нӛмірлеп кӛрсету мүмкін емес. Олардың орындарының
ауысып, алма-кезек келуі, әр кезеңнің ұзақтығының ӛзгеруі де ықтимал екенін ескертеміз. Үшіншіден, әр бӛліктің ӛзіндік орны, міндеті және мақсаты бар. Соларға орай орындалатын жұмыстың түрлері, мазмұны, оқыту құралдары, әдістері және жұмысты ұйымдастыру түрлері де ӛзгеріп отыруы мүмкін.
сыныптағы математика сабағының бірінші бӛлігінде мұғалімнің түсіндірмесі жүзеге асырылады, келесі кезеңде математика оқулығымен жұмыс жүргізіледі. Сабақтың үшінші кезеңі математика дәптерінде орындалатын практикалық жұмыстарға арналады.
Қазіргі талаптар бойынша 1-сыныптардағы математика сабағында жоғарыда аталған үш кезеңге сәйкес жұмыстардың ұйымдастырылуы міндетті болып табылады.
Осы сияқты ерекшеліктеріне байланысты 1-сыныптардағы математика сабақтары үшін күнтізбелік жоспар да сәл басқарақ болғаны дұрыс. Атап айтқанда, оған «Дәптердің беті» деп аталатын бӛлімді қосқан дұрыс. Сонда оның формасы мынадай болады.
1-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар
Сабақтың нӛмірі
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оқулықтың беті
|
Дәптердің беті
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
Енді сабақтар жүйесіне дайындалу, яғни тақырыптық жоспар жасау мәселесіне келейік. Мектеп тәжірибесіне жүргізілген зерттеулер барысында біз мұғалімдердің кӛпшілігінің (сондай-ақ мектеп әкімшілігінің де –П.С.), тақырыптық жоспарлауға лайықты кӛңіл бӛлмейтіндігін байқадық. Біздіңше, бұл дұрыс емес.
Математика сабақтарына дайындалуда алдын-ала тақырыптық жоспар жасап алудың маңызы зор, ӛйткені ол бағдарламаның қандай да бір нақты бӛлімі, тарауы бойынша жүргізілетін сабақтардың бүкіл жүйесін алдын-ала кӛре білуге мүмкіндік тұғызып, мұғалімнің күнделікті сабаққа жоғары дәрежеде дайындала алуына мол мүмкіндік тұғызады.
Қазіргі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде тақырыптық жоспарлаудың әр алуан үлгілері ұсынылып жұр. Солардың ішінде татар педагогы М.И.Махмудов ұсынған схема ерекше кӛңіл аудартады:
№
р/с
|
Сабақтың нӛмірі
|
1-сағат
|
2-сағат
|
І.
|
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың немесе сабақтар жүйесінің мақсаты (дидактикалық, логикалық, тәрбиелік)
Сабақтың типі.
Оқытудың әдісі
|
|
|
|
Сабақты жабдықтау және информацияның
негізгі кезеңдері.
Сабақтар жүйесі бойынша бақылау жұмыстарының түрлері
|
|
|
ІІ.
|
Актуалдау:
Тірек білімдер, ұғымдар мен фактілер.
Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі.
|
|
|
ІІІ.
|
Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгерту:
Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдері.
Негізгі және қосалқы проблемалар.
|
|
|
IV.
|
Білік пен дағдыны қалыптастыру:
Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі
Жұмыс формасы (фронтальды, топтық, жекеше)
|
|
|
V.
|
Үй тапсырмасы:
Қайталау.
Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі.
|
|
|
Бұл схема, М.И. Махмутовша айтқанда, проблемалық сабақтардың мазмұнына сәйкестендіріліп жасалған. Алайда, бастауыш мектептегі математика сабақтарының барлығын бірдей проблемалық сипатта ұйымдастыру мүмкін бола бермейді. Сондықтан жоғарыдағы үлгіні бастауыш мектептегі математика сабақтарының аралас сабақтар болып келетіндігін, математика сабақтарының ӛзіндік және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ӛзгертіп пайдалануға болады.
Жалпы алғанда, тақырыптық жоспардың міндетті, бірегей түрі болмайды. Ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқытуға қойылатын талаптардың ӛзгеруіне және тағы басқа да кӛптеген жағдайларға сай ӛңделіп, жетілдіріліп отырылуы керек. Біздің ойымызша, бастауыш сыныптардың математика сабақтарына арналған тақырыптық жоспарда әрбір тараудың ӛзекті мәселелері нақты сабақтарға бӛлініп, оқулықтағы түрлендіруге тиісті жаттығулар, ӛзіндік жұмыстар, кӛрнекі және техникалық құралдар, үй тапсырмасына берілетін жаттығулар, бақылау жұмыстары, дидактикалық ойындар кӛрсетілгені жӛн. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптық жоспардың бір үлгісі мынадай болуы мүмкін.
-
№№ р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оқулықтағы түрлендірілуге тиісті тапсырма
|
Ӛзіндік жұмыстар
|
Үй тап- сырма сы
|
Дидак- тикалық ойындар
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
|
|
|
|
Тақырыптық жоспарды осы үлгіде әрбір тоқсандар бойынша жасаған дұрыс. Сонда оның күнделікті сабаққа дайындалуда және жоспар жасауда мұғалімге кӛп пайдасы тиеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |