«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.
Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрауды «Таза тақта» әдісі арқылы жүзеге асырады.
Мұғалім:
– Балалар, Жер бетінде ең қымбат не деп ойлайсыңдар? Жер бетіндегі ең қымбат – өмір. Өмір – бұл ұлы тіршілік. Өз өміріңді үлкен құндылық ретінде қабылдап, оны сақтау керек және сондай-ақ басқалардың да өмірін бағалау қажет. Бірақ та адамның өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар болады. Бүгін біз өзімізді қалай қауіпсіздендіреміз және қалай қорғайтындығымыз туралы айтамыз, мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелерін қарастырамыз.
Ол үшін сақ әрі зейінді болуымыз керек! Сабағымыздың кілттік сөздері: «сақтық» және «зейінділік». Ондай болса мына бейнематериалға назар аударайық. «Қауіпсіздік әліппесі»
Оқушылардың жауаптары:
– Денсаулық, өмір, отбасы, сүйіспеншілік және т.б.