Сабақты жобалау және зерттеу z дәріс №12 Жоспар



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата10.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#136378
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыптық жоспарлау
Мұғалім ұстанымы
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір
бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім
жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге
дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі
сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және
сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады.
Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің
оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не
меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты.
Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі
бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады.
«Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта
бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа
жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жұмыстың
нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған"
сабағын көруге болады.Тақырыптық жоспарлау жүйесін
барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И.
Махмутов болды.
Психологтер «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке
тұлғалық 
бейімділігімен 
байланыстырады, 
ал
әлеуметтанушылар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы
ретінде 
қарастырады. 
Мұғалімнің 
ұстанымы 
оның
көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы
оның белгілі бір шешімдер қабылдауына, соның нәтижесіндегі
сыныптағы іс-әрекеттеріне негіз болады (2-сурет). Сондықтан
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз
болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының
жиынтығынан құралады. Бұл элементтердің барлығын
жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары»
құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде
мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген
ойтоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту
үдерісінде қалыптасқан көзқарастар 9 мұғалімнің сыныптағы
барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы
ісәрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі,
пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып
қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет