3. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, сабақтарды
жоспарлау, жобалау (жоспарлау) - тақырыптық және сабақты жоспарлау,
орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау
Сабақ жоспары
– бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың
іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтың мақсаты
- бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу
материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушылардың түсініктермен жұмыс
барысында белсенділігін оятатын материалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-
бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарында сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып,
сабақтың дидактикалық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша мазмұны көрініс табады,
оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты
орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жаңа білімдер мен әрекет тәсілдері
қалыптасады, оқытудың түрлі жағдайлары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін бақылау
және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу
танымдық және практикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа
дайындалуы былай анықталады:
- оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
- оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа
материалды меңгертуге ықпал ететін
пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу