Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;
• Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
• Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;
• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
• Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу
мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге
мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
• оқушыға бағытталуы тиіс;
• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
• оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа
білімді алу әдісі.
Сабақты талдау және бағалау педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент больш
табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның
сапасы әр түрлі факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына
байланысты. Талдауды келесі сабаққа дейін немесе сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы
кезде мұғалім сабаққа дайындалғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты талдауға әр қырынан келу баяндалған. Мұғалімнің
сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің ішінен ең қолайлысы Т.А. Ильинаның тәсілін
қолдану ұсынылады. Ол өз сабағын талдауға баға берудің мұғалімге 10 түрлі өлшемдерін
БӨЛІП қарастырады.
Сабақтың жалпы құрылымы;
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру;
Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру;
Сабақ үдерісіндегі тәрбие;
Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау;
Оқыту әдістерін талдау;
Мұғалімнің сабақтағы жұмысы;
Сабақтағы оқушының жұмысы;
Сабақтың гигиеналық жағдайлары;
Кейбір арнайы тапсырмалар.
|