Қарапайым қоғамда әлеуметтік топтарға бөліну, дифференсациялық процесс өте бәсең. Сондықтан бұл қоғамда әлеуметтік стратификация төменгі дәрежеде өтеді. Ал аралық қоғамда әлеуметтік стратификация көлемді орын алады. Қазіргі қоғам-өте терең стратификацияланған қоғам. Адамдарды страталарға, топтарға бөлетін белгілерді Т.Парсонс 3-ке бөледі.
1-ші топқа жататын белгілер: адамдардың өзіне байланысты емес, олар табиғи белгілер (адамдардың жасы, жынысы, ұлты т.б)
2-ші топқа жататын белгілер-бұл адамдардың өзіне байланысты, мыс, инженер, дәрігер, оқытушы, артист, бизнесмен т.б. мамандықтар бойынша адамдардың топтарға бөлінуі. Осындай бөлінуді П.Сорокин мен Т.Парсонс кәсіби стратификация деп атаған.
3-ші топқа-меншік,материалдық және рухани құндылықтар.
Американдық социолог Б.Барбер-әлеуметтік стратификация мәселесін көне қоғамнан осы кезеңге дейін тарихи тұрғыда зерттеген. Қазіргі Батыс елдеріндегі стратификацияны 6 өлшем арқылы анықтауға болады дейді.
1. Кәсіби мамандық 2. Билік 3. Кіріс 4. Білім деңгейі 5. Діни өмір 6. Туысқандық және ұлттық топтарға бөлу. Ағылшын социологы Э.Гидденс өзінің еңбегінде стратификациялаудың 4 негізгі жүйесі бар екендігін көрсетеді. Олар сословиелік таптық жүйелер. Э.Гидденстің айтуы бойынша стратификация дегеніміз құрылымы бар теңсіздік. Қоғам дегеніміз- олардың айтуы бойынша иерархиялық формада құрылған страталардың жиынтығы.
Американдық социологтар К.Дэвис және У.Мур өздерінің “Әлеуметтік стратификацияның кейбір принцптері” Деген еңбегінде әлеуметтік стратификация теориясының негізгі мазмұнын жариялады. Стратификация дегеніміз –материалдық байлықты, билікті әлеуметтік позицияны тең түрде пайдалануға мүмкіндіктің жоқ екендігі. К.Дэвис пен У.Мур стратификациялаудың функционалдық теория деген бағытының негізін салушылар. Бұл теорияның негізгі принцптері : 1. Адамға бірдей мүмкіндік беру принцпі; 2. Қоғамдағы күресте осы мүмкіндікті пайдалануда адамдардың ең мықтылары, жігері және басқа позитивтік қызметтері жеңіп шығадыы. 3. Психологиялық детерминизм 4. Бұл принцпті олардың еңбек этикасына байланысты деп санаған.
2 . Кез-келген әлеуметтік процесті зертеуде түсініктерді анықтау және оны қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік мобильділік түсінігін зерттеуде қолданылатын түсініктер әлі де болса жүйелеуде, олардың мазмұнын тексеруді қажет етеді. «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру».
Әлеуметтік мобильділік социологиялық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы өзгерісін белгілейді. «Әлеуметтік мобильділік» түсінігінде стртификациялық құрылым туралы сөз болды, ал әлеуметтік мобильділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын аустыруы, әлеуметтік баспалдық бойынша жағары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік соцологияда функциональдық топқа өтуді білдіреді. Яғни, әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамның не әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайындағы өзгеруіне байланысты жүзеге асатын күрделі әлеуметтік процесс. Бұл категорияның мазмұнына орын ауыстарудың жеделдігі, көлемі, бағыттары, тәсілдері, тенденциялары, әлеуметтік құрылымның қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және т.б. өзгерістерімен байланыстылығы мәселелері кіреді.