Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


ІІ.Сорокин әлеуметтік мобильділік туралы



бет12/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
дәрістер

ІІ.Сорокин әлеуметтік мобильділік туралы.
Әлеуметтік мобильділік түсінігін талдаудың методологиялық негізі П.Сорокиннің әлеуметтік мобильділік теориясы және социологиядағы әлеуметтік- құрылымдық бағыт болып есептеледі.
П.Соркин социологиядағы алғаш рет әлеуметтік мобильділік түсінігінің анықтамасын және оны зерттеу принциптерін негіздеді. Қоғамның әлеуметтік ішкі құрылымын зеріттеу ісінде ол әлеуметтік мобильділіктің өте маңызды екендігін айтады.Бұл проблемаға байланысты П.Соркиннің «Әлеуметтік мобильділік» деген еңбек жазған. Ол әлеуметтік мобильділікті әлеуметтік объектінің бір тұғырдан екіші тұрғыға өтуі, орын ауыстыруы тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік объект ретінде индивид, топ, яғни, адам қызметінің барлық өнімдері көрінеді. Бұндай түсінік индивидтердің орын ауыстыруын кең көлемде түсінілетін мобильділіктің жеке оқиғасы ретінде есептеуге себеп болады. Дегенмен П.Сорокинге сүйенсек, әртүрлі әлеметтік объектілердің мобильділігін ирархияландыруға, оларды шкалада маңыздылық деңгейіне қарай орналастыруға мүмкіндік беретін белгілер жоқ.
«Соцология жүйесі» атты еңбегінде ол орын ауыстыру процесін әлеуметтік қайта топтастыру деп атайды. Әлеуметтік қайта топтастыру дегенде күрделі әлеуметтік агрегаттардың құрлымының өзгеруін ескереміз. Ол мына процестерден көрінеді:

  1. Элементарлық және кумулятивтік топтардың біреуінен екіншісіне осы топтардың көлемінің өзгеруімен бірге жүретін орын ауыстыруы;

  2. Бір әлеуметтік агрегаттағы элементарлық некумулятивтік топтардың біреуінің жойылуы не пайда болуы;

3.Элеметарлық не кумулятивтік сипаттағы топтардың толық жойылуы және оның жаңа гетерогендік топпен ауыстырылуы.
П.Сорокин «мобильділік» түсінігінің көмегімен қоғамның әлеуметтік құрлымының өзгеру процесін толық қамтуға тырысады. Әлеуметтік мобильділіктің жалпы принциптерін такбу үшін ол әртүрлі қоғамдардағы және бір қоғамнің әртүрлі тарихи кезеңіндегі әлеуметтік мобильділігіне салыстырмалы талдау жүргізеді. Өзінің тұжырымдарын дәлелдеу үшін ол жан-жақты статистикалық материалды, тарихи мысалдар келтіреді. П.Сорокин қоғамда әлеуметтік мобильділіктің екі түрі бар екендігін айтады. Бірі-тік мобильділік, екіншісі жоғарыдан төмен қарай түсу, кейде құлдырау. Мобильділіктің екінші түрін П.Сорокин жазықтықта жүзеге асатын мобильділік дейді. Орын ауыстырудың түрлеріне қарай ол әлеуметтік мобильділікті өрлеу не құлдырау бағыттарындағы әлеуметтік мобильділік деп те бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет