Сабақтың жоспары


Арман – бұл адам тілейтін болашаққа бағытталған қиялдың өнімі



бет5/8
Дата17.10.2023
өлшемі7,32 Mb.
#116688
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қиял ЖП

Арман – бұл адам тілейтін болашаққа бағытталған қиялдың өнімі.
Арманда адамның азды-көпті шынайы және жүзеге асырылатын жоспарлары бар. Арман қиялдың бір түрі ретінде, өмірінің үлкен бөлігі әлі алда болатын жас адамдарға тән.
Арманның негізгі ерекшелігі – оның болашақтағы іс–әрекетке бағытталғандығында, яғни арман өзі қалаған болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да, арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Мұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.
Бірақ кейбір адамдар үшін арман тек іс-әрекеттің орнын ауыстырушы ретінде ғана қолданылады. Олардың арманы тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстардың себептерінің бірі – олардың әрдайым сәтсіздікке ұшырауы. Бірқатар сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап қана жүреді. Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс ретінде көрінеді.
Өлі жандар Манилов
Пассивті қиял. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі – түс көру.
Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И.П.Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін “күзетші нункт” деп атайды. Осы “күзетші пункттерде” біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан “тіріледі”.
И.П.Павлов
Түсте небір ақылға сыйымсыз бейнелердің жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ бейнелердің пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді.
И.М.Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте шынайы бейнелер мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған.
И.М.Сеченов
Мұң (грезы) деп әдетте шындықпен байланыспаған және түптеп келгенде жүзеге асырылмайтын ерекше армандарды атайды. Мұң арман мен галлюцинациялардың аралығындағы орынға ие, бірақ олардың галлюцинациялардан айырмашылығы мұң бұл адамның қалыпты сана белсенділігінің өнімі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет