«Көрінбейтін адам» «Азат етілген әлем» «Доктор Моро аралы» Анықтама Қиял дегеніміз өткен тәжірибеде болған қабылдаулар мен елестерден алынған материалдарды қайта өңдеу жолымен жаңа бейнелер (елестер) жасауда көрінетін психикалық үрдісті айтамыз. Қиял дегеніміз – бұл бейне, елес немесе идея түрінде жаңаны жасауда көрініс табатын психикалық үрдіс Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: - әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді; Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады Қиял - адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс
Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады Қиялдың физиологиялық негізі Қиялдың физиологиялық негізін өткен тәжірибеде қалыптасқан уақытша байланыстардан құралған жаңа байланыстардың жасалуы құрайды. Сонымен бірге жәй ғана болған байланыстарды өзектендіру жаңаның жасалуына әкелмейді. Бұрын қиыспаған уақытша байланыстардан құрылған байланыстар жаңа байланыстардың жасалуын құрайды. концентрация иррадиация қозу мен тежелудің іздік процестері оң және теріс индукциялар талдау мен біріктіру Қиялдың физиологиялық негізі ЖУНБ БУНБ Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Жүйке жүйесінің байланысының өзектенуі, оның ыдырауы, қайта топтасуы жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Сонымен бірге екінші сигналдық жүйенің - сөздің маңызы зор, өйткені қиял екі сигналдық жүйенің бірлескен жұмысын білдіреді. Барлық көрнекі бейнелер сөзбен тығыз байланысты. Олар бейнелердің көріну көзі, олардың қалыптасу жолын бақылайды, оларды ұстап қалу, бекіту, өзгерту құралы болып табылады.