Сабақтың жоспары


Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре



бет4/8
Дата17.10.2023
өлшемі7,32 Mb.
#116688
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қиял ЖП

Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре
Анри Пуанкаре
Интуи́ция (лат. intuitio - «аңдау», intueor етістігінен - көз алмау) - логикалық талдаусыз, қиялға, эмпатияға және өткен тәжірибеге, “сезімге”, зеректікке негізделген шындықты тікелей ұғыну
Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiң барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөн.
Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: 
сезiмдiк және
интелектуалды,
қарапайым және
кәсіби (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.).
Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле, Рассел шешiм түс көру кезінде келген деп мәлімдеген.
Д.И. Менделеев
А.С. Пушкин
Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады. Сөйтіп, «таптым», «эврика» деп айқайлап, көшеге жалаңаш шығады.
Ағылшын инженері Дж. Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, «бұл не деген күш!» деп таңданады. Осыдан кейін Дж. Уатт бу машинасын ойлап табады.
  • Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi.
  • Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады.
  • Фейербах интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi.
  • Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон интуицияны талдаудың нәтижесін іштей көре білу, сезіну деп қарастырады
  • З.Фрейд шығармашылықтың жасырын негiзгi принципі деп түсiндi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет