3-4 жастағы балалардың ойынында оныбасар затпен шынайы заттың ұқсастығы үлкен рөл ойнайды. Ал одан ересектеу балалардың қиялы үшін (4-5 жас), шындықтағы заттарға мүлдем ұқсамайтын заттар да тірек бола алады. Бірте-бірте сыртқы тіректерге деген қажеттілік жойылады. Интериоризация процесі жүзеге асады, яғни шындықтағы жоқ затпен ойын әрекеті пайда болады. Бала оны шынайы істемесе де ойша елестете бастайды. Бұл психикалық процесс ретінде қиялдың қалыптасуы болып табылады. Мысалы: 5, 10, 0. Гюнтер «классики» дейтін ойынды өте ұанатады. Еденге сандармен бейнеленген сызықтарды елестетіп секіреді. Тас лақтырып, сызықтарға аяғын тигізбегенін елестетіп, ойынға қызыға қатысады (У.Штерннің бақылауы). Уи́льям Лью́ис Штерн Сонымен қатар, ойын бала әрекет етпесе де, толығымен елестету түрінде өтуі мүмкін. Мысалы: Кирилл төсекте жатып, жан-жағына ойыншықтарды тізіп қояды, осылайша 1 сағат жатты. - Сен не істеп жатырсың, ауырып қалған жоқсың ба?, дегенде - Жоқ, мен ойнап жатырмын. - Қалай ойнап жатырсың? - Мен ойыншықтарға қарап, олармен не болып жатқанын ойлап жатырмын, – деп жауап береді Кирилл (В.С. Мухина). Ойын барысында қалыптасып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне ауысады. Сурет салу, ертегілер мен тақпақтар ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Ойын іс-әрекетіндегідей, бұл жерде де балалар тікелей қабылданып жатқан заттарға немесе қағаз бетіндегі сызбаларға сүйенеді. 4, 0, 0. Бала тақтаға сурет салып жатыр. Ол әуелі түйенің суретін салғысы келді. Бірақ түйенің суретін салу ұмытылды, бүйірі жағындағы шығыңқы жер оған көбелектің қанаты сияқты болып көрінді. «Көбелектің суретін салсам ба екен», - деп дауыстап айтты да екінші қанатын салды. «Енді құсты саламын». Оны салып болғаннан кейін: тағы не ұшатын еді?! «А, шыбынды салайын», - деп екі нүкте мен сопақшаны бейнеледі. (У.Штерннің бақылауы бойынша). Бұл мысалдан мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы ырықсыз түрде болатыны байқалады. Қиялдың ойлау процесі сияқты негізгі құралы сөйлеу болып табылады. Қиял сөйлеу процесімен бірге ғана дамитынын көріп отырмыз. Ертегі, тақпақтарды шығарғанда бала бұрыннан білетін бейнелерді еске түсіреді немесе есінде сақталған сөздерді қайталайды. 3-4 жастағы балалар әдетте, бұрыннан бар нәрсені қайталап отырғанын түсінбейді.