Қиял түрлері Ерік күшін жұмсау дәрежесі бойынша Белсенділік дәрежесі бойынша ырықты ырықсыз активті пассивті Қайта жасау, шығармашылық, арман Түс көру, қалғымалы күй Мұң Ырықты қиял – қандайда бір іс-әрекет түрінде саналы қойылған мақсатпен байланысты арнайы бейнелер жасау болып саналады. Қиялдың бірінші түрі актив қиял деп аталынады. Бұл – қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның шығармашылық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял - қайта жасау (репродуктивті), шығармашылық қиял, арман болып үшке бөлінеді. Қайта жасау қиялы дегеніміз - адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызбалар мен кестелер, ноталар, географиялық карталар атқарады. Ол – екінші сигналдық жүйенің тітіркендіркендіргіштерін бірінші сигналдық жүйенің бейнелеріне айналдыру. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады. Бұл үшін адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. II с.ж. тітіркендіргіштерін I с.ж. бейнелеріне айналдыру Мысалы, бір адам еш уақытта теңіз көрмеген делік, алайда оның кітапта суреттелуі бойынша теңізді азды көпті елестете алады. Қайта жасау қиялы бойынша тек суреттеу бойынша еш уақытта болмаған алыс жерлерді, өтіп кеткен тарихи уақиғаларды, және көптеген кездеспеген заттарды елестетуге болады. Шығармашылық қиял — бұрынғы тәжірибеге минималды жанама сүйену арқылы әр түрлі іс-әрекет түрлерінің соны өнімдерінде іске асырылатын өз бетінше жаңа бейнелер жасау үрдісі. Бұл қиялдың айрықша ерекшелігі адамның шығармашылық іс-әрекеті үрдісінде мысалы: өнер, ғылым немесе техникалық іс-әрекет түрлерінде жаңа бейнелердің жасалуы. Жазушылар, суретшілер, композиторлар, өз өнерінің бейнелерінде өмірді суреттеуге ұмтылып шығармашылық қиялға сүйенеді. Шығармашылық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Шығармашылық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес.