Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет130/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

(Ж) Жолақтарды салыстыр.

  • Бұл тапсырмада жолақтардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Берілген сұраққа оқулықтағы сөздер мен суретті байланыстыра отырып, жұппен ақылдасып жауап беруді ұсыну.
Жауабы:
оқушылардың жауаптары мынадай болуы мүмкін:
қызыл жолақ жіңішке, ол жоғарыда тұр;
жасыл мен көк жолаққа қарағанда ұзын;
жасыл жолақ жуан (жалпақ), ол қызыл жолақтан төмен тұр;
көк жолақ жасылдан жіңішке және ұзын;
көк жолақ қызыл жолақтан жуан (жалпақ) және қысқа т.с.с.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер” ойыны.
Допты оқушыларға лақтырғанда допты қағып алған оқушы айтқан сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді айтады.
Үлкен — кіші, ...
Жуан — жіңішке, ...
Ұзын — қысқа, ...
(Т) Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыр. Тапсырмада заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру және өз мысалын келтіру көзделеді. Оқушылар тапсырманы өмірден тікелей мысалдар келтіре отырып орындайды. Геометриялық фигуралар арасындағы арақатынасты айтқызу. Оқушыларды күнделікті кездестіріп жүрген заттарды салыстырып айтқанда сөздерді дұрыс қолдануға жаттықтыру. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіне алмаса, суреттер көрсете отырып түсіндіруге тырысу.
Шығарып көр.

  • Берілген тапсырманы мұқият оқы. Кең—тар, жуан—жіңішке ұғымдарына өмірден бірнеше мысалдар келтір.

Сурет бойынша сұрақтар:

  1. - Тар жолмен кім бара жатыр? Неге олай ойлайсың?

  2. - Екіншісі ше?

Асан мен Үсенді суреттен көрсет.

  • Асан мен Үсен тұратын үйді қалай анықтауға болады?

  • Кімнің үйінің есігі кең, кімдікі тар?

  • Есіктердің кең-тарлығын өлшеп дәлелде.

(Ж) Орындап көр. Ойлануға уақыт белгілеу. Уақыт біткен соң оқушылардың ойын тыңдау. Олардың сызған шаршыларының өлшемін бір-біріне тексерту.
Жауабы: шаршылардың қабырғаларының ұзындығы: 1 см,
2 см;
Одан әрі тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыну. GeoGebra бағдарламасын тақтада орындату. Оқушылардың үшбұрышты бір төбесінен тартып созып, үшбұрыш қалпында қалатынына және тіктөртбұрышты бір төбесінен тартып созып, оның өзгеретініне көздері жетуі керек. (Егер GeoGebra бағдарламасы болмаса, жіппен тәжірибе түрінде жасап көрсетуіңізге болады. Үш оқушыға жіптен үшбұрыш жасатыңыз да, олардың кез келген біреуін орнынан қозғатып байқату.

  • Қандай өзгеріс болды?

  • Тіктөртбұрышты да сол сияқты жасап көруге болады. (Бірақ онда тіктөртбұрыштың өзгеретінін бақылату.)

Ойлан. Оқушылар берілген заңдылықтар бойынша келесі фигураны анықтайды. Фигуралардың үлкен— кішілігіне, жуан—жіңішкелігіне қарай орналасу ретін анықтату. Тапсырманы қима фигураларды орналастыру арқылы олардың өздеріне жасатып көріп, қорытынды жасату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет