1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсінеді.
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсінеді.
Кіріспе. Табиғи дыбыс көздері табиғи нысандар мен құбылыстардан пайда болады. Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Мысалы, музыкада iшектерді тартып не бір нәрсені соғып, дыбыстар шығаруға болады. Мәшине шуы, балғаның тарсылы, есіктің сықырлауы — барлығы жасанды дауыс көздерінен шығатын дыбыстар.
Қазіргі адам тұрмысын теледидар мен телефонсыз, магнитофон дыбысынсыз, интернет байланысынсыз елестету мүмкін емес.
Скрипка— ысқымен ойналатын iшекті музыкалық аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка корпусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар.
Хоккейшілер
Суретке қара. Хоккейшілер қалай тұр?
Олардың барлығы жаттықтырушының дауысын естиді ме?
Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Дыбыс көзі — секундына 16 -дан 20 000 ретке дейін жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық денелер.
Шайбалы хоккей — мұз бетінде, сырғытпатаяқ және шайба (кішкентай резеңке дискісiмен) арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Бұл — хоккейдің ең белгілі түрі. Хоккейдің отаны — Канада.
Көгалдағы хоккей — арнайы синтетикалықжабыны бар алаңда, сырғытпа таяқ және қатты доп арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Голландия, Германия, Испания, Англия, Ирландия, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландияда кең та ралған.
Допты хоккей (орыс хоккейі) — мұз бетінде, сырғытпа таяқпен, қатты және кішкентай доппен ой найтын командалық спорттық ойын.
Оқушылар табиғи дыбыс көздерін жасанды дыбыс көздерінен ажыратуы керек.
Стадионда. Барлық оқушыға өз бетімен тапсырманы орындауды тапсыру. Mұнда табиғи дыбыс көздерін — көк түспен, ал жасанды дыбыс көздерін жасыл түспен белгілеу қажет. Берілген тапсырманы оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы тексеруіне болады.
Жұмыстың ұқыптылығына, жылдамдығына, оқушылардың өз таңдауын қалай түсіндіргеніне назар аударамын.
Жауабы: Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон, құлаққап.
Табиғи дыбыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайлаған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер.
Сайыс ұйымдастыру: бір топ — табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс көздерін атайды. Қай топ көбірек атайды, сол топ жеңеді.
Лабиринт. Оқушыларға лабиринт жолы бойынша өтуді тапсырамын. Сызықтардың жолдың ортасында болуына назар аудару. Жасанды дыбыс көзін белгілеуі тиіс (қоңырау).
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.