Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Жалпы денсаулық дегеніміз не? Дені сау адам дегеніміз ол физикалық, психологиялық және рухани жан дүниесі таза адам. Қазіргі таңда адам өміріне қауіп төндіретін, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер бар. Бұлар қандай әрекеттер? Қысқаша түсінік беріп өтсек:
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және XXI – ғасыр індетіне айналып отырған ЖИТС ауруы. (Осы жерде топтарға тапсырма беріледі. Әр топ мұғалімнің берген тақырыбына қысқаша мәлімет беріп, плакат корғайды).