Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет5/13
Дата03.03.2022
өлшемі51,1 Kb.
#26915
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Алты алаш деген не?
- Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
 
Дүниеде не жетім?
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
     
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.
 
Дүниеде ең жақының кім?
Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
 
Дүниеде не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
 
Дүниеде не қиын?
Арадан шыққан – жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
 
Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.
     
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)
 
1.  Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2.  Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3.  Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4.  Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5.  Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
6.  Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)
7.  Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),
8.  Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).
9.  Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)
 
Осыдан соң сайыстың  қорытындысы шығарылады.
 
Қорытынды сөз: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан  да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет