Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет4/13
Дата03.03.2022
өлшемі51,1 Kb.
#26915
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ғасыр індетінен сақтанайық

Қорытындылау(3 мин)


1. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті оқушылар! Бұл көріністе адам денсаулықты таңдады. Сіз қалай ойлайсыз, ол дұрыс па әлде бұрыс па?...(оқушылар жауап беріп болғаннан кейін). Адамға өмірде не қымбатырақ? Байлық па, әлде атақ па? деп ақсақалға біреу сұрақ қойған екен. Сонда ақсақал: «Байлық та, атақ та, адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі-сауаттылық.



2. Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар денсаулықтарыңыз мықты болсын! Болашақта еліміздің дамуына үлес қосып, Қазақ елінің атын әлемге танытып, көк туымызды биік белестерге көтере білетін, білімді, денісау саналы ұрпақ болуға ат салысайық!!! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

«Біле жүр, көңіліңе түрте жүр»

Мақсаты: Болашақ ұрпақты аталы сөздерге құлақ асып жүруге тәрбиелеу. Бабаларымыздың айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру.

Көп жасаған қария


Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
 
Бабалар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
 
- Үйде кім, елде кім қадірлі?
- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.
- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.
 
- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.
 
- Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа  түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.
 
Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?
 
(Қонақтар жауабы сұралады)
 
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет