5. Сергіту сәті:
Отырыңдар, тұрыңдар
Маған мойын бұрыңдар.
Бұрылайық оңға бір,
Иілейік алдыға
Енді түзу тұрайық
Қолымызды созайық,
Шапалақтап қоялық.
6. Ойын: «Еңбек құралдары»
Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.
Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.
Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.
Тігінші құралы: ине, жіп, біз.
VII. Қорытынды: Сұрақ–жауап.
1. Сонымен адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Еңбектің пайдасы қандай?
3. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
4. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
5. Еңбек туралы қандай мақал–мәтелдер бар екен?
«Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл Фарабидің адамгершілік туралы даналық сөздері »
Сабақтың тақырыбы Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ойшылы Әл – Фараби өмірі мен тарихтағы орны, еңбектерінің құндылығы, қазіргі кездегі Әл – Фарабидің зерттелуі туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: оқушыларды ортада ашық жүйелі сөйлей білуге, ой пікірін, көзқарасын дәлелдеуге, қосымша деректер мен құжаттарды пайдалана білу арқылы ізденгіштікке, шығармашылық жұмысқа баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлы ғұлама ғалымның еңбектерін бағалауға, білімді, еңбекқұмар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, слайдтармен жұмыс, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекілігі: Әл – Фарабидің портреті, сызбалар, слайдтар, бүктемелер, тест тапсырмалары, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өнер, музыка.
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ұлы жолдарды партадан көрсет. Олар қай кездерде пайдаланылды?
2. Ұлы Жібек жолы қ/ның қандай қалалры арқылы арқылы өтті?
3. Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениетті де таратушы жол дегенді қалай түсіндіресің?
4. Ұлы Жібек жол ы арқылы қазақтың далаларын қандай тауарлар әкелініп, қандай тауарлар шетке шығарылды?
5. Ұлы меридианалды жол туралы не түсіндің? Оның маңызы қандай?
ІІІ.. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырамыз.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қойылады:
Әл - Фараби кім?
Неліктен әл - Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?
Оқушы жауабынан кейін тақырып баяндалады.
Жаңа сабақты баяндау:
Әл – Фараби қазіргі Түркістан алқабының Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында дүниеге келген. Отырар қаласы Ү - ХҮ ғасырда маңызды сауда, ғылым – білім орталығы болды.
Әл – Фарабидің толық аты Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ізлағ Тархани. Әкесі қыпшақ ұлының атақты әскер басшысы болған. Жастайынан талапты, оқу – білімге жетік болғанӘкесі Мұхамбет қыпшақ ұлысының атақты әскер қолбасшысы болған. Ол баласының зерек, алғыр, білімге құмар екенін байқап, оған өзі таңдаған өмір жолына рұқсат береді. Көрініс( Әбунасыр мен әкесі)
Әбунасыр жұпыны киініп, көшпелі қыпшақ, түрік ауылдарын аралайды. Атақты жиһанкез Қорқыт данамен кездеседі. Көрініс(Қорқыт пен Әбунасыр)
Оқу білім іздеп шет елдерге сапар шегеді. Бұхара, Самарқан, Шони, Мысыр, Александр
т. б шаһарларды, араб парсы елдерін түгел аралаған. Грек, араб тілдерін жетік меңгерген. Ол бүкіл ғұмырын оқу – білімге, ғылымға арнайды. Жас кезінде өзінің көпшілік уақытын отырардың бай кітапханасында өткізеді. Ғылым салаларынан 150 – ге тарта іргелі еңбектер жазып қалдырды. Тарихи деректер бойынша 70 - ге жуық тіл білген.
Әл – Фараби заманы Ұлы Жібек жолы жанындағы қалалардың мәдениеті де, жақсы дамып тұрған кезіме тура келді. Екінші жағынан сол кезеңде түркістан өңіріне арабтар әкелген мұсылмандық шығыс білімі кең тарады. Әл – Фараби философия, математика, физика, тіл білімі, жаратылыстану, география, астрономия, медецина, музыка салаларынан ғылымға қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі. Қажетті деректерді ол даңқты Отырар кітапханашысынан алады. Әл – Фараби өмірінің соңын Дамаси мен Халлеб қалаларында өткізеді. Шығыс ғалымдары, ақындары арасында ол өзінің білімнің кеңдігімен көзге түсті. Дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы ғұлама ғалымы ретінде танылды.
Фараби атқа міну өнерін жақсы меңгеріп, садақ атудың да шебері болған. Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мәдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар болған. Ол 950жылы дүниеден өтеді. Оның мүрдесі Сириядағы Баб әс - Сағир зиратында. Әл - Фарабидің зиратына тұңғыш рет елімізден барған адам Ақжан Машани. Бұл зиратта белгілі адамдар, патшалар, әмірлер, халифа нәсілдері жерленеді екен. Сол кездегі Сирия әмірі Сайф ад - Дәула әл - Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан, оны өз қолымен осы жерге жерлеген.
Әл – Фараби (870 – 950) қазақстанның ғана емес, бүкіл орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі 2 – ші ұстазы, ойшылы, ғалымы болып есептелінді.
ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
Әл - Фарабидің бақыт туралы ойы, бақыт жолын сілтеу («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатындағы бақыт туралы жазғанынан үзінді оқылып, сызба сызылады)
Бақыт
Мақсат
Махаббат
Жақсы мінез - құлық
Денсаулы, еңбек
Бұл әл - Фарабидің көзқарасы бойынша бақытқа жетудің жолы, ал сіздер өздеріңіз «Сен үшін бақыт деген не?» деген сұраққа жауап беріп, бақытқа жетудің жолын көрсетіңдер.
Оқушылар өз ойлары бойынша баяндайды.
Сабақты қорытындылау:
- Әл - Фарабидің 1100жылдығы ЮНЕСКО шешімімен атап өтілді. Әл - Фараби бейнесі тұңғыш ұлттық валютамыз - теңгеде бейнеленді. Отырарда «Руханият Әбу Насыр әл - Фараби мұражай – кітапханасы»
- Әл - Фараби жолы шындық пен әділет жолы.
- «Адамның бас дұшпаны - надандық»деген бабамыз, сондықтан білімге құштар болып, өсіңдер!
Достарыңызбен бөлісу: |