Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Метаболизмнің түрлерін анықтайды
|
1
|
метаболизмнің түрлерінің сипаттамасын біледі;
|
1
|
2
|
диаграмма арқылы метаболизм түрлерін анықтайды;
|
2
1
|
А және В түрлеріне сипаттама береді;
|
Энергетикалық алмасу кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды
|
3
|
энергетикалық алмасудың дайындық\оттексіз\оттекті кезеңдерінің қайда жүретінін анықтайды;
|
3
|
энергетикалық алмасудың дайындық \оттексіз \оттекті кезеңдеріндегі АТФ тың маңызын сипаттайды;
|
3
|
Митохондрияның құрылысы мен тыныс алу процесі арасындағы байланысты түсіндіреді
|
4
|
митохондрияның құрылысы матрикс пен кристаның қызметтерін сипаттайды;
|
2
|
5
|
сызба арқылы митохондрияның құрылысы мен тыныс алу үдерісі арасындағы байланысты түсіндіреді.
|
3
|
Барлығы
|
15
|
10 «Ә», «В» сынып ЖМБ. «Бөліп шығару тарауына жиынтық бағалау» БЖБ №3
Оқыту мақсаттары: 10.1.5.1 Зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін
түсіндіру 10.1.5.2 Су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру
10.1.5.4 Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
Бағалау критерий: Білім алушы
Зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін анықтайды
Су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін сипаттайды
Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну. Қолдану. Жоғары деңгейлі дағдылар.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
1. Бүйрек құрылымы мен онда өтетін үрдістердің сәйкестігін анықта.
Бүйрек құрылымы
|
Жауап
|
Үрдістер
|
1. Боумен-Шумлянский капсуласындағы капиллярлық шумақ
|
|
А) секреция
|
2.Жинағыш түтікше
|
|
В) реабсорбция
|
3.Дистальды канал
|
|
С) ультрафильтрация
|
4. Геньле ілмегінің төменгі иіні
|
|
Д) экскреция
|
2. Берілген сөзтіркестерінен қажеттісін таңдап, ағзада су тапшылығы болған кездегі реакциясын көрсететін логикалық реттілігін көрсетіңіз.
осмостық белсенді заттар концентрациясының көтерілуі/ төмендеуі, осмостық қысымның көтерілуі/ төмендеуі, осморецепторлардың қозуы/тежелуі, гипоталамус, нейрогипофиз, АДГ бөлінуінің көтерілуі/түсуі, нефрон өзекшері арқылы су көп\аз мөлшерде реабсорбцияланады, аз мөлшерде концентрацияланған зәр бөлінеді, көп мөлшерде сұйылтылған зәр бөлінеді, қандағы су мөлшері қалыпқа келеді.
3. Ағзада су қалыпты болса, қорек заттар арқылы натрий қабылданса, онда бөлінбейді:
A. АДГ мен вазопрессин
B. АДГ мен альдостерон
C. АДГ мен тестостерон
D. АДГ мен соматотропин
4. Төменде берілген 1 -суретте қылтамырлы гемодиализ бейнеленеген. Жасанды бүйрек деп аталатын құралды қолдану арқылы пациенттің барлық қаны сүзіледі.
(a) Қылтамырлы гемодиализ үрдісінде не себепті антикоагулянт қолданады:
A. Дәрумендер мен минералды тұздар енгізіледі
B. Тромб түзілуі мен қан ұюын тежейді
C. Қажетсіз (зәр, артық су) өнімдерін ыдырату
D. Инфаркт және артеросклероз ауруын тежейді
(b) Суретте жартылай сіңіру қабілеті бар кеуек арқылы өтетін қоспалардан коллоидты ерітінділерді арылту әдісі диализ бейнеленген. Бүйрек қызметі бұзылғанда трансплантациялау немесе диализ әдісі қолданылады.
(a) 1- суретте бейнеленген диализ ерекшелігін сипаттаңыз.
(b) 1 - суретте бейнеленген диализ түрінің гемодиализден кем дегенде бір айырмашылығы жазыңдар.
(c) 1- суретте бейнеленген диализдің артықшылығы мен кемшілігін сипатта.
Достарыңызбен бөлісу: |