Сабақтың тақырыбы: Абай Қарасөздер. Қарасөздің жастарға берер ойы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет2/2
Дата19.05.2023
өлшемі25,2 Kb.
#94748
түріСабақ
1   2
Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.
Үйге тапсырма: Абайдың 1 өлеңін жаттау

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

слайд





«Менің пікірім» әдісі бойынша тапсырма

Қара сөзден алынған пікірк

Өз пікірім

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын




Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?




Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге - ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі - ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.




Естігенде бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтләну керек , көңілденіп , тұшынып ,ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып,ойланып , көңілге бекіту керек;




төртінші ой кеселдерінен қашық болу керек.Егер кез болып қалса,салынбау керек.Ой кеселдері : уайымшы салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет