Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.3.1.1 - берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Тіл туралы ақпарат алып, болжам жасайды, негізгі ойды қорытындылайды.
|
Жетістік критерийлері
|
Білген ақпараттарды жаңа білімді игеруге пайдаланады.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: қымбат қазына, мәңгілік мұра, шешен адам, тіл құдіреті.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Менің ойымша, болуы мүмкін, ықтимал.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Қызығушылықты ояту.
Өздерің білетін мәліметтер бойынша топтастыру жұмыстарын жасаңдар.
Сабақ тақырыбын нақтылау
Топтастыру:
Қазына
Мұра
Шешен
Мәңгілік
|
Интербелсенді тақта
ОӘК материалдары
|
Ортасы
|
Оқылым бойынша 1-тапсырманы орындайды.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Кедей адам баласына қандай қазына қалдырған?
Шешен адам деген қандай адам?
2. Ауызекі сөйлеуге тән қандай сөздерді байқадыңдар?
Тіл ең қымбат қазына дегенге келісесіңдер ме? Дәлелдейді.
2-тапсырмада «Ғибратты сөзді» айдарындағы ұлы адамдардың сөздерін түсініп оқып, жаттап алады. Буын үндестігіне бағынбай тұрған және айтылуда өзгеріске ұшырайтын сөздерді көрсетеді.
|
Ойтүрткі
ОӘК материалдары
|
|
3-тапсырма бойынша оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.
1-деңгей. Мәтіннен орфоэпиялық норма бойынша жазылған сөздерді тауып, оны келесі бағанға орфографиялық норма бойынша жазады.
2-деңгей. Төл сөз бен автор сөзінің дұрыс қойылмай қойған жерін тауып, дұрыс қойып шығады.
3-деңгей. Қара бидің батасыдағы қарамен терілген жолдарды қалай түсінгендерін жазады. Тыныс белгісіне назар аударады.
|
|
Аяқталуы
|
Рефлексия. «Шеңбердегі доп» әдісімен кері байланыс жасайды. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкентай допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
Үйге тапсырма. «Шығу парағы» әдісімен оқушылар сабақтың қалай өткенін бағалайды.
Осы бөлім бойынша өткен материалдарды жинақтап, тілге сипаттама береді.
|
Кішкентай доп
«Шығу парағы»
ОӘК материалдары
|
Қосымша ақпарат
|
|